Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жоғары өрт қаупі кезеңіндегі шектеулер туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 155 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 5742 болып тіркелді

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, өрт қаупі кезеңі басталуына байланысты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жоғары өрт қаупі кезеңінде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгілі бір түрлерін жүргізуге шектеу қойылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып:

      1) орман алабында жоғары өрт қаупі туралы уақтылы хабардар ету;

      2) мемлекеттік орман қоры аумағына кіреберістегі негізгі жолдарда күзет орындарын орнату бойынша тиісті шаралар қабылдау ұсынылсын.

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 тамыздағы №222 "Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жоғары өрт қаупі кезеңіндегі шектеулер туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3013 тіркелген, 2008 жылғы 13 қыркүйекте "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4."Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Р.С. Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.М. Сатқановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Об ограничениях в период повышенной пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Западно–Казахстанской области

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 28 июня 2019 года № 155. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 1 июля 2019 года № 5742

      Руководствуясь Лесным Кодексом Республики Казахстан от 8 июля 2003 года, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, в связи с началом пожароопасного периода акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Ввести ограничения на период высокой пожарной опасности посещение леса физическими лицами и въезд в них транспортных средств, а также проведение определенных работ на территории государственного лесного фонда Западно-Казахстанской области.

      2. Рекомендовать государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Западно–Казахстанской области" в установленном законодательством порядке совместно с заинтересованными государственными органами:

      1) своевременно информировать о высокой пожарной опасности в лесной зоне;

      2) принять необходимые меры по установке охранных постов на основных путях при въезде на территорию государственного лесного фонда.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Западно-Казахстанской области № 222 от 28 августа 2008 года на государственном языке, на русском языке не принималось (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3013, опубликованное 13 сентября 2008 в газетах "Орал өңірі" и "Приуралье").

      4. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Западно-Казахстанской области" (Шауенов Р.С) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области М.М.Сатканова.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.