Орал қаласы бойынша 2019 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 950 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 5642 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2019 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.

      2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.А.Ғұмаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Доляға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Орал қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 26 сәуірдегі
№ 950 қаулысына қосымша

Орал қаласы бойынша 2019 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері

Бірінші табиғи-климаттық зоналар

Көктемнің орташа шығу уақыты

басталуы

аяқталуы

1

Арпа, сұлы

25 сәуір

5 мамыр

2

Жаздық бидай

10 мамыр

25 мамыр

3

Тары

20 мамыр

25 мамыр

4

Ноқат

5 мамыр

15 мамыр

5

Қарақұмық

30 сәуір

10 мамыр

6

Күнбағыс

5 мамыр

15 мамыр

7

Зығыр май

10 мамыр

25 мамыр

8

Мақсары

10 мамыр

25 мамыр

9

Көпжылдық шөптер

25 сәуір

5 мамыр

10

Судан шөбі

15 мамыр

30 мамыр

11

Құмай

15 мамыр

30 мамыр

12

Картоп

30 сәуір

25 мамыр

13

Көкөніс дақылдары

15 мамыр

15 маусым

14

Бақша дақылдары

1 мамыр

1 маусым

15

Күздік қара бидай

5 тамыз

20 тамыз

16

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады