Казталов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселері туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 120 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 5619 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес, Казталов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А.Исламбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары З.Мажитоваға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Батыс Қазақстан облысы
полиция департаментінің Казталов
ауданының полиция бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________Р.Дегенбаев
"1" сәуір 2019 жыл

  Казталов ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 120 қаулысына қосымша

      Казталов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      алғыс хат жариялау;

      грамотамен марапаттау;

      ақшалай сыйақы беру.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Казталов ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – полиция бөлімі) енгізеді.

      4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақының мөлшерiн Комиссия белгiлейді және 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Батыс Қазақстан облысының полиция департаментімен жүргiзіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады