Тасқала ауданы бойынша 2019 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 128 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 маусымда № 5695 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №98 "2018 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5186 тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Қ.Нурекешев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Баяндыковке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№128 каулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Дақылдардың түрлері

Оңтайлы егу мерзімдері

басталуы

аяқталуы

Құрғақ далалық аймақ

1

Жаздық бидай

5 мамыр

15 мамыр

2

Арпа

25 сәуір

5 мамыр

3

Тары

10 мамыр

20 мамыр

4

Күнбағыс

5 мамыр

15 мамыр

5

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады