"Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 ақпанда № 20048 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8918 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 32 (28256) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Ереженің 5-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптары ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын кемелерге, авариялық-құтқару жұмыстарын, тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паром), балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды, кеме қатынайтын жолдарда навигациялық белгілерді орнатуды және қызмет көрсетуді, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды орындайтын кемелерге қолданылмайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға мынадай шектеулер қойылады:

      1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан көп емес;

      2) жеке және заңды тұлғалар үшін жеке меншік құқығындағы кемелердің аспалы моторларының қуаты 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) көп емес;

      Жайық-Каспий бассейндерінде кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілері үшін – 40 а.к. көп емес;

      бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 100 а.к. көп емес;

      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес;

      кеме қатынайтын су жолдарындағы навигациялық белгілерді орнату және қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың Ертіс бассейнінде стационарлы қозғалтқыштары бар кемелермен тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паром) жүзеге асыруы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, көліктік бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, полиция департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелері үшін шектеусіз.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экология,
геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады