Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 17 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 23 наурызда № 20158 болып тіркелді.

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шаралар мен уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:

      1) жеке тұлғалардың негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам өткен банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша сыйақыны есептемейді.

      Осы тармақшаның талаптары, егер банктік қарыз және (немесе) микрокредит шартын жасау күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толығымен қамтамасыз етілген жағдайда, ондай шартқа қолданылмайды;

      2) банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдер мерзімінің өтуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды:

      жеке тұлғаларға;

      қаржылық жай-күйі төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде нашарлаған заңды тұлғаларға есептемейді;

      3) төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қаржылық жай-күйі нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерін күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырады;

      4) жеке тұлғалар-қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне талдау жүргізеді және жұмыс орнын немесе басқа кіріс көздерін жоғалтқан, сондай-ақ өзге де қаржылық қиындықтарға ұшыраған жеке тұлғаларды негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру түрінде қолдаудың қосымша талаптары туралы шешімдер қабылдайды.

      Осы тармақшаның талабы 2020 жылғы 18 наурызға дейін жасалған банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттарына қолданылады.

      2. Жеке тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шараларды банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қарыз алушылар тарапынан өтініш беру қажеттілігінсіз біржақты тәртіппен қолданады.

      3. Осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шараларды (дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты), сондай-ақ осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шараларды банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қарыз алушының жазбаша өтініші негізінде жеке тәртіппен қолданады.

      Өтінішті қарыз алушы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға электрондық пошта, "банк-клиент" онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы да беріледі.

      Өтінішті қарау процесінде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қажет болған кезде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды сұратады.

      Өтінішті қарау нәтижелерін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым олардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарыз алушыға жібереді.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын реттеу және дамыту
      Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова

О мерах поддержки населения и субъектов предпринимательства в период чрезвычайного положения

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 22 марта 2020 года № 17. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 марта 2020 года № 20158.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 286 "О мерах по обеспечению социально-экономической стабильности" в связи с введением Указом Президента Республики Казахстан от 15 марта 2020 года № 285 чрезвычайного положения на всей территории Республики Казахстан и введением мер и временных ограничений в отношении населения и субъектов предпринимательства, в целях недопущения ухудшения их финансового состояния, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. На период действия чрезвычайного положения банки, организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, организации, осуществляющие микрофинансовую деятельность:

      1) не начисляют вознаграждение по договорам банковского займа и (или) микрокредита физических лиц, по которым просрочка платежа по основному долгу и (или) вознаграждению составляет свыше 90 (девяносто) календарных дней.

      Требование настоящего подпункта не распространяется на договор банковского займа и (или) микрокредита в случае, если на дату его заключения сумма основного долга полностью обеспечивалась залогом имущества, подлежащего регистрации, и (или) залогом денег;

      2) не начисляют штрафы и пени по просрочке платежей по основному долгу и (или) вознаграждению по договорам банковского займа и (или) микрокредита:

      физическим лицам;

      юридическим лицам, финансовое состояние которых ухудшилось в результате введения чрезвычайного положения;

      3) предоставляют отсрочку по платежам по договорам банковского займа и (или) микрокредита, включая платежи по основному долгу и (или) вознаграждению, на срок до 90 (девяносто) календарных дней индивидуальным предпринимателям и субъектам малого и среднего предпринимательства, финансовое состояние которых ухудшилось в результате введения чрезвычайного положения;

      4) проводят анализ финансового состояния заемщиков-физических лиц и принимают решения о дополнительных условиях поддержки, в том числе в виде отсрочки платежей по договорам банковского займа и (или) микрокредита, включая платежи по основному долгу и (или) вознаграждению, физических лиц, потерявших место работы или другие источники дохода, а также испытывающих иные финансовые трудности.

      Требование настоящего подпункта распространяется на договоры банковского займа и (или) микрокредита, заключенные до 18 марта 2020 года.

      2. В отношении физических лиц меры, указанные в подпунктах 1) и 2) пункта 1 настоящего постановления, применяются банками, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, организациями, осуществляющими микрофинансовую деятельность, в одностороннем порядке без необходимости подачи заявления со стороны заемщиков.

      3. Меры, указанные в подпунктах 2) и 3) пункта 1 настоящего постановления (в отношении индивидуальных предпринимателей и юридических лиц), а также меры, указанные в подпункте 4) пункта 1 настоящего постановления, применяются банками, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, организациями, осуществляющими микрофинансовую деятельность, в индивидуальном порядке на основании письменного заявления заемщика.

      Заявление подается заемщиком в банк, организацию, осуществляющую отдельные виды банковских операций, организацию, осуществляющую микрофинансовую деятельность, в том числе, с помощью электронной почты, онлайн-системы "банк-клиент", интернет-ресурса, мобильного приложения или других средств связи.

      В процессе рассмотрения заявления банк, организация, осуществляющая отдельные виды банковских операций, организация, осуществляющая микрофинансовую деятельность, при необходимости запрашивают документы, подтверждающие ухудшение финансового состояния заемщика в результате введения чрезвычайного положения.

      Результаты рассмотрения заявления доводятся банком, организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, организацией, осуществляющей микрофинансовую деятельность, до заемщика в порядке и сроки, установленном их внутренними документами.

      4. Департаменту защиты прав потребителей финансовых услуг обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 5 настоящего постановления.

      5. Управлению международных отношений и внешних коммуникаций обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка Смолякова О.А.

      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по регулированию и
развитию финансового рынка
М. Абылкасымова