Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20205 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 қазанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1. Басқа облыстың тұрғыны болып табылатын адамды соттаған жағдайда ҚАЖ комитетімен алдын ала келісіп ол әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын туыстары тұратын облыстағы немесе бұрынғы не босатылғаннан кейін болжамды тұрғылықты жеріндегі тиісті мекемеде орын болған жағдайда жіберіледі.

      Тергеу изоляторы соттың үкімі шыққанан кейін үш жұмыс күні ішінде сотталғаннан әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамдарды, олардың тұратын жерлерін көрсетумен еркін нысанда қолхат алады және ҚАЖ комитетіне жолдайды.".

      2) "Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15332 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне 2017 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 88-бабының 4-1 - бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сотталғанның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары мен туыстары (бұдан әрі - туыстары) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 1-бабына сәйкес айқындалады.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтінішті "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес ҚАЖ комитеті қарайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      1) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      2) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      2020 жылғы " " ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады