"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-26/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20308 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-26/2020
бұйрығына Қосымша

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) және Қордың филиалдары жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) Қор - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      2) аударымдар - жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      3) жарналар - "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңның (бұдан әрі - МӘМС туралы заң) 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алуға құқығын беретін ақша;

      4) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - МӘМС Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алуға құқығы бар жеке тұлға;

      5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қорға немесе Қордың филиалдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы хабарласады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша):

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      7. Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі электрондық форматта 15 минуттан аспайды, қағаз форматта 3 жұмыс күнінен аспайды.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті қағаз форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті беру туралы өтінішпен жүгінеді. Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі, одан әрі қарау және нәтижені қалыптастыру үшін жауапты қызметкерге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 3 жұмыс күні ішінде нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

  "Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесіне медициналық
көрсетілетін қызметті тұтынушы
ретінде қатысу туралы және
аударымдардың және (немесе)
жарналардың аударылған
сомалары туралы ақпарат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және оның филиалдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Қор;
2) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал): www.egov.kz

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 3 жұмыс күні;
2) портал арқылы - құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы - қағаз түрінде;
2) портал арқылы - электрондық

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
"Электрондық үкімет" порталына:
1) электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш.

9

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Қордың https://fms.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қордың https://fms.kz/ интернет-ресурсында көрсетілген, Қордың байланыс орталығы тегін 1406 нөмірі бойынша.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесіне медициналық
көрсетілетін қызметті тұтынушы
ретінде қатысу туралы және
аударымдардың және (немесе)
жарналардың аударылған
сомалары туралы ақпарат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Өтініш

      Мен ______________________________________________________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Туған күні _______ ж. "_____" ____________________, ___________________

      _______________________________________ мекенжайы бойынша тұратын.

      ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі): ____________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:__________ №____________________

      кім берді _________________ берілген күні _____________________________________

      12 (он екі) ай кезеңі үшін міндетті әлеуметтік медциналық сақтандыруға және медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беруіңізді сұраймын. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісімімді беремін.

      Қолы ________________ Толтырылған күні ____ ж. "___" _______________

  "Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесіне медициналық
көрсетілетін қызметті тұтынушы
ретінде қатысу туралы және
аударымдардың және (немесе)
жарналардың аударылған
сомалары туралы ақпарат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру

      Кім берді: _________________________________________________________________

      (ТАӘ (бар болған жағдайда), ЖСН)

      Берілген күні _______________.

Төлемнің күні*

Аударымдардың немесе жарналардың сомасы (теңге)

Түсімнің түрі (аударым немесе жарна)

Кезең

Төлеуші (БСН/ЖСН)

Қайтарылған сома (бар болған кезде)

Қайтару күні (бар болған кезде)

1.








2.








3.








4.








5.








6.








7.








8.








9.








10.








      МӘМС жүйесіндегі мәртебесі: ________________________________________________

      (МӘМС тұтынушысы /МӘМС тұтынушысы емес)

      Ескертпе:

      *Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу ай сайын жүзеге асырылады. МӘМС шеңберінде медициналық көмекке құқық алу үшін берешек болған жағдайда, Сіздің төленбеген кезең үшін Қорға жарналар төлеуіңіз қажет, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс (МӘМС туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады