Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 20355 болып тіркелді.

      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы хаттамасының 2.3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов
      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-35/2020 мен
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 9 сәуірі № 129
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын клиникалық және эпидемиологиялық белгілер бойынша вирустық пневмонияны жұқтырған (COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал жағдайы) (бұдан әрі – вирустық пневмония) немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      2. Біржолғы әлеуметтік төлем денсаулық сақтау ұйымдарының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабына сәйкес шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізген кезде COVID-19 инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған келесі қызметкерлеріне:

      1) реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін айқындалған басқа да стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне;

      2) провизорлық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмектің, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы дәрігерлер мен фельдшерлерге, сондай-ақ санитариялық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне;

      3) карантиндік стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмек бригадаларының жүргізушілеріне, сондай-ақ зертхана мамандарына, санитариялық-эпидемияға қарсы қызметтің қызметкерлеріне, жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шаралармен байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған жедел стационарлардың және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қабылдау бөлімдерінің қызметкерлеріне, сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ қызметкер жұқтыру (сырқаттану) салдарынан қайтыс болған жағдайда оның отбасына жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      3. Біржолғы әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор):

      1) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарға COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған, вирустық пневмониямен сырқаттанған жағдайда екі миллион теңге мөлшерінде;

      2) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдар COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған жағдайда олардың отбасыларына он миллион теңге мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған немесе солардан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру үшін облыстың, репсубликалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - ЖАО) комиссия құрады.

      5. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.

      6. ЖАО шешімімен комиссия құрамы:

      1) облыстың, репсубликалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері атынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі - ТҚСҚБК) аумақтық бөлімшесінің;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды басқару жергілікті мемлекеттік органының;

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті мемлекеттік органының;

      4-1) қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның;

      5) "Nur Otan" партиясының;

      6) медицина қызметкерлерінің мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.

      Ескерту. 6–тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      7. Комиссияның төрағасы комиссия мүшелері қатарынан мүшелердің көпшілік даусымен сайланады.

      8. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру үшін ТҚСҚБК жанынан комиссия құрылады.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.

      Комиссия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, ТҚСҚБК-нің, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, медицина қызметкерлерінің мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.

      Комиссияның төрағасы комиссия мүшелері қатарынан мүшелердің көпшілік даусымен сайланады.

      Ескерту. 8–тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      9. Комиссия денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының жазбаша түрде берген ақпараты негізінде денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтыру, вирустық пневмониямен сырқаттану фактісі анықталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-тармағында айқындалған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімін (бұдан әрі – денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.

      Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе ТҚСҚБК файлға қалыптастырады және жауапты қызметкер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізімін жасау және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе ТҚСҚБК жауапты қызметкерлерді бекітеді.

      COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған қызметкерлер бойынша біржолғы әлеуметтік төлем алуға денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің тізіміне "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17039 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 415 бұйрық) көзделген инфекциялық ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру (бұдан әрі – ИАОЭТ) картасы қоса беріледі.

      Вирустық пневмониямен сырқаттанған жағдайда "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша медициналық картаның көшірмесі ұсынылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      10. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адам COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған жағдайда комиссия үш жұмыс күнінен кешіктірмей оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген қайтыс болу туралы куәліктің көшімесін қоса бере отырып өтініш ұсыну қажеттілігін хабарлайды

      Қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтінішті осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның отбасы мүшелерінің бірі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына береді.

      Комиссия қайтыс болу туралы куәлікті алғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімін (бұдан әрі - отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімі) қалыптастырады.

      Қалыптастырылған отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе ТҚСҚБК Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.

      Отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізіміне:

      осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтініш;

      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

      № 415 бұйрықпен бекітілген ИАОЭТ картасы (COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған қызметкерлер бойынша);

      № 907 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша медициналық карта (вирустық пневмониямен сырқаттанған қызметкерлер бойынша) қоса беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      11. Денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің тізімдері және отбасыларға берілетін әлеуметтік төлем алуға адамдардың тізімдері төрағаның немесе оны алмастыратын адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.

      Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттар, денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің және отбасыларға берілетін әлеуметтік төлем алуға адамдардың тізімдері ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы ұсынылады.

      12. Әлеуметтік төлем комиссия осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін тағайындалады.

      13. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір денсаулық сақтау ұйымының қызметкері және/немесе отбасыларға берілетін әлеуметтік төлем алуға адам бойынша жеке электрондық іс макетін (бұдан әрі - ЭІМ), әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын қалыптастырады.

      ЭІМ-ге осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттардың сканерленген көшірмелері және жеке басын куәландыратын құжат, банк шотының нөмірі және денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің қайтыс болуы (ол қайтыс болған жағдайда) туралы ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер автоматтандырылған режимде енгізіледі.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қалыптастырған ЭІМ-ні қордың филиалына жібереді.

      14. Қордың филиалы бір жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ЭІМ-ні қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немеесе оларды тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, сондай-ақ ұялы телефонды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындау және жүзеге асыру үшін қажетті, осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген мәліметтер болмаған немесе қате болған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.

      15. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы қордың филиалы бекіткен шешімдердің негізінде бір жұмыс күні ішінде тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын әлеуметтік төлемдер қаражатының қажеттілігіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпарация әлеуметтік төлемдерге қаражаттың қажеттілігін күн сайын қалыптастырады.

      16. Қор әлеуметтік төлемдерді кесте бойынша жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпарацияны күн сайынғы қаржыландыруды жүргізеді.

      17. Мемлекеттік корпорация қаражатты алған соң бір жұмыс күні ішінде кестеге сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлеуге төлем тапсырмасын қалыптастырады және банк шоттарына қаражат аудару арқылы алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация және қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей жүргізілген әлеуметтік төлемдер сомалары бойынша, сондай-ақ артық аударылған (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.

      18. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген адамдарды қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім туралы тізімдерде ұялы телефондарының нөмірлері болған кезде sms-хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.

  Денсаулық сақтау ұйымдарының
COVID-19 коронавирустық
инфекциясына қарсы күрес
жөніндегі эпидемияға қарсы іс-
шараларға тартылған
қызметкерлері аталған
инфекцияны немесе вирустық
пневмонияны жұқтырған немесе
солардан қайтыс болған
жағдайда оларға біржолғы
әлеуметтік төлемді жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған, вирустық пневониямен ауырған (қайтыс болған жағдайда) денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің және/немесе денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

Денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің/отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің/отбасы мүшесінің ұялы телефон нөмірі

Құжаттың нөмірі және қайтыс болу күні (денсаулық сақтау ұйымының қызметкері қайтыс болған жағдайда толтырылады)








      Комиссияның төрағасы ______________________________             _____________

      Т.А.Ә. (бар болса) және лауазымы             (қолы)

  Денсаулық сақтау ұйымдарының
COVID-19 коронавирустық
инфекциясына қарсы күрес
жөніндегі эпидемияға қарсы іс-
шараларға тартылған
қызметкерлері аталған
инфекцияны немесе вирустық
пневмонияны жұқтырған немесе
солардан қайтыс болған
жағдайда оларға біржолғы
әлеуметтік төлемді жүзеге асыру
қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан

Біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтініш

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың

      денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына

      _____________________________________________________________________

      (аудан, қала)

      Кімнен ______________________________________________________________

                        (Т.А.Ә. (бар болса))

      E-mail ______________________________________________________________

      Телефон _____________________________________________________________

      COVID-19 коронавирустық инфекциясына коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкердің аталған инфекциядан немесе вирустық пневмониядан қайтыс болуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем төлеу мәселесін қарауларыңызды сұраймын

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Ұялы телефон нөмірі







      Жалған ақпарат пен дәйексіз (дұрыс емес) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы __________________________________

  Денсаулық сақтау
ұйымдарының COVID-19
коронавирустық инфекциясына
қарсы күрес жөніндегі
эпидемияға қарсы іс-шараларға
тартылған қызметкерлері
аталған инфекцияны немесе
вирустық пневмонияны
жұқтырған немесе солардан
қайтыс болған жағдайда оларға
біржолғы әлеуметтік төлемді
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2020 № 287 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2020 № ҚР ДСМ-87/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бірлескен бұйрығымен.

  нысан

      Код _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ _________________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы 20___ жылғы "____"______________ № __________ ШЕШІМІ

      1. Тағайындау (бас тарту):

      Істің № _________________________________________________________________________

      Тегі____________________________________________________________________________

      Аты____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________________________

      Туған күні __________________ жынысы ____________________________________________

      (айы, күні, жылы)                  (ер, әйел)

      Тізім түскен күн: _______________________________________ 20___ ж.

      Қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің деректері (қайтыс болған жағдайда):

      Тегі____________________________________________________________________________

      Аты____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      Қайтыс болған күні: 20__ жылғы "__" ____________

      Әлеуметтік төлем мөлшері _______________________________________________ сомасында

      (сома санмен және жазбаша)

      2. Әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту_________ (себебін көрсету)

      Филиал басшысы _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Филиал маманы __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Шешім жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады