Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 20388 болып тіркелді.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 10 сәуірдегі № 82
Бұйрықпен бекітілген

Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тарих және мәдениет ескерткіші – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектісі;

      2) тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты (бұдан әрі – паспорт) – тарих және мәдениет ескерткіші туралы ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын құжат;

      3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу тәртібі

      3. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне тиісті мәртебе берілген тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      4. Паспорт бір данада, қағаз түрінде ресімделеді және паспортты ресімдеген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында немесе ескерткіш республикалық немесе халықаралық мәртебеге ие болған жағдайда уәкілетті органда сақталады.

      5. Тарих және мәдениет ескерткіш туралы жаңа мәліметтер анықталған жағдайда паспортқа осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жаңа мәліметтермен қосымша қоса беріледі.

      6. Паспорттың әрбір парағында (титулдық парақтан басқа) жоғарғы жиек жолының ортасында реттік нөмірі қойылады.

      7. Паспорттың бөлімінде бір немесе бірнеше нұсқаларды таңдау үшін "+" белгісі қойылады.

  Тарих және мәдениет
ескерткішінің паспортын
ресімдеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІНІҢ ПАСПОРТЫ ПАСПОРТ ПАМЯТНИКА ИСТОРИИ И КУЛЬТУРЫ

1.

*Ескерткіштің атауы
*Наименование памятника


2.

*Ескерткіштің хронологиясы
*Хронология памятника


 
3.

*Ескерткіштің түрі
*Вид памятника

Археология
Археология

Қала құрылысы және сәулет
Градостроительства и архитектуры

Ансамбльдер мен кешендер
Ансамбли и комплексы

киелі объектілер
Сакральные объекты

монументтік өнер құрылыстары
Сооружения монументального искусства






4.

*Ескерткіштің санаты
*Категория памятника

памятник истории и культуры международного значения

памятники истории и культуры республиканского значения

памятники истории и культуры местного значения





* ескерткішке мәртебе берілген бұйрықтың/қаулының күні және №
*№ и дата приказа/постановления, которым памятнику придан статус


5.

*Ескерткіштің орналасқан жері
*Месторасположение памятника

____________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді-мекен, село, көше)
____________________________________________________
(область, город, район, населенный пункт, улица)

6.

Ескерткіштің орналасқан жерінің географиялық координаттары
Географические координаты месторасположения памятника

бойлық және ендік
долгота и широта

7.

*Тарихи мәліметтер:
*Исторические сведения:

*Негізгі библиография, мұрағаттық түпнұсқалар:
*Основная библиография, архивные источники:

а) ескерткіштің бастапқы келбетін өзгерткен қайта құрулар мен жойылулар:
а) перестройки и утраты, изменившие первоначальный облик памятника:

б) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары (жалпы сипаттамасы, уақыты, авторы, құжаттаманы сақтау орны):
б) научно-реставрационные работы (общая характеристика, время, автор, место хранения документации):

в) Ескерткіште жүргізілген археологиялық зерттеулер туралы мәліметтер (жалпы сипаттамасы, уақыты, жоба авторы, құжаттаманы сақтау орны):
в) сведения о проведенных на памятнике археологических исследований (общая характеристика, время, автор проекта, место хранения документации):

8.

*Ескерткіштің сипаттамасы:
*Описание памятника:
__________________________________________________________________
 __________________________________________________________________


Қосымша
Приложение

Жалпы көрінісінің cуpeтi -
Фото общего вида -
Бас жоспар -
Генеральный план -
Өлшемдер -
Обмеры -
Қорғау аймағының схемалық жоспары -
Схематический план охранной зоны -

9.

*Техникалық жай-күйі:
*Техническое состояние:

жақсы
хорошее

қанағаттанарлық
удовлетворительное

қанағаттанарлықсыз
неудовлетворительное

авариялық
аварийное





10.

Техникалық жай-күйіне сипаттама:
Характеристика технического состояния:
__________________________________________________________________


а) қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағының шекарасы:
а) границы охранной зоны и зоны регулирования застройки:



б) меншік түpi:
б) вид собственности:



в) қорғау міндеттемесінің берілген күнi және нөмipi
в) дата выдачи и номер охранного обязательства


11.

*Қaзipгi кездегі пайдалану сипаты
*Характер современного использования

Бастапқы белгілеу бойынша
По первоначальному назначению

Ғылыми
Научное

Білім беру
Образовательное

Тәрбиелік
воспитательное

Туристік
Туристское

Ақпараттық
Информационное

Қолда нылмайды
Не используется








12.

*Паспорттың толтырылған күні:
*Дата составления паспорта:

20__жыл "___" ____________
"___" ____________ 20___год.

      Примечание: пункты, отмеченные знаком "*", являются обязательными к заполнению.

      *Құрастырушы: _____________________________________________ Мөрдің орны

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қызметі, қолы)

      *Составитель: ____________________________________________ Место печати

      (фамилия, инициалы, должность, подпись)

      *Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органының өкілі:

      *Представитель местного исполнительного органа области (города республиканского

      значения, столицы):

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қызметі, қолы)

      (фамилия, инициалы, должность, подпись)

  Тарих және мәдениет
ескерткішінің паспортын
ресімдеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тарих және мәдениет ескерткіші туралы жаңа мәліметтер

Тарих және мәдениет ескерткіші туралы мәліметтер

Енгізу үшін негіз










      Мәліметтерді енгізу күні                                    20__ жыл "___" ____________

      Құрастырушы: ___________________________________________ Мөрдің орны

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қызметі, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады