Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 20406 болып тіркелді.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.05.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 369 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12491 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығымен бекітілген Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 10-тармағының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17507 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрі
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 91 бұйрықпен
бекітілген

Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.05.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілері;

      2) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы – Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығы оның меншік иесімен жасалатын шарт негізінде берілген жеке немесе заңды тұлға;

      3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібі

      3. Тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға беру ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарда жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік иесінің өкілеттігін уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жүзеге асырады.

      5. Коммуналдық меншік болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері жергілікті атқарушы органдарының шешімімен пайдалануға беріледі.

      Республикалық меншік болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен пайдалануға беріледі.

      Коммуналдық меншік болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті атқарушы органдарының шешімімен пайдалануға беріледі.

      Республикалық меншік болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен пайдалануға беріледі.

      6. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.05.2022 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың балансындағы және меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалануға беріледі.

      8. Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.

      Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.

      Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.

      Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.

      9. Меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштерін өз бетімен жою құқығын қоспағанда, меншік объектілері ретінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы тиесілі.

      10. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері меншік құқықтарының болжамды немесе орын алған өзгерістері туралы Жергілікті атқарушы органдарды хабардар етуге міндетті.

      11. Меншік иесінің тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және пайдалану нәтижесінде қорғау міндеттемесімен шектелген пайда алуға (табыс алуға) құқығы бар.

      12. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының тарих және мәдениет ескерткіштерін ұстау шарттары жергілікті атқарушы органдар беретін қорғау міндеттемесінде белгіленеді.

3-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қол жеткізу тәртібі

      13. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушылары оларды сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады және тарих және мәдениет ескерткішін:

      1) тарихи және мәдени ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

      2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбие мақсаттарында жергілікті атқарушы органдармен жасалған шарттарда белгіленген тәртіппен және шекте қол жеткізуді қамтамасыз ету.

      14. Тарих және мәдениет ескерткішінің меншік иесі, егер меншік объектісі өзіне мұрагерлік құқықтарымен тиесілі болса және пайда болуы немесе мазмұны бойынша өсиет қалдырушының жеке басымен немесе меншік иесінің ата-бабасымен байланысты болса, елу жылға дейiнгі мерзімге ескерткішті зерттеу үшін қол жеткізуден және көпшілікке көрсетуден бас тартуға құқылы.

      15. Тарих және мәдениет ескерткіштері келу кезінде жойылу немесе бүліну қатеріне ұшырамауы тиіс. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қол жеткізу жарқылды фотофиксацияны өз бетінше пайдалануға болмайды, қабырға мен олардың конструкцияларын тықылдатуға, тарих және мәдениет ескерткішінің бөліктерін қашаулауға, жартылай бұзылған қабырғалар мен құрылыстардың үстімен жүруге рұқсат етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады