"Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 сәуірде № 20440 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7864 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1998 жылғы 9 шілдедегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу процестерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық-техникалық кешен;

      3) оператор – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына айрықша құқығын растайтын құжаты немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жасалған ерекше құқықтар беру туралы авторлық шарты бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын сүйемелдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымы;

      4) өтініш беруші – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркеуге өтініш (бұдан әрі – тіркеуге арналған өтініш) беруші заңды немесе жеке тұлға;

      5) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасы (бұдан әрі – АТЖ) – табынды жетілдіру және жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, оператор жүргізетін асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды жануарлар туралы және селекциялық процеске тартылған жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібі";

      қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыстың ақпарат
қорын жүргізу қағидаларына
қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 "Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 апреля 2020 года № 132. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 апреля 2020 года № 20440

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2012 года № 3-3/373 "Об утверждении Правил ведения информационной базы селекционной и племенной работы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7864, опубликован 19 сентября 2012 года в газете "Казахстанская правда") следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на государственном языке, заголовок на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах ведения информационной базы селекционной и племенной работы, утвержденных указанным приказом:

      в заголовок вносится изменение на государственном языке, заголовок на русском языке не меняется;

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      в пункт 1 вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) уполномоченный орган в области племенного животноводства (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий руководство и реализацию государственной политики в области племенного животноводства;

      2) автоматизированное рабочее место (далее – АРМ) – программно-технический комплекс, предназначенный для автоматизации процессов ведения селекционной и племенной работы;

      3) оператор – научно-исследовательская организация сельскохозяйственного профиля, имеющая документ, подтверждающий исключительное право на информационную базу селекционной и племенной работы или авторский договор о передаче исключительных прав, заключенный в соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 10 июня 1996 года "Об авторском праве и смежных правах", и осуществляющая сопровождение информационной базы селекционной и племенной работы;

      4) заявитель – физическое или юридическое лицо, подающее заявление на регистрацию в информационной базе селекционной и племенной работы по форме согласно приложению к настоящим Правилам (далее – заявление на регистрацию);

      5) информационная база селекционной и племенной работы (далее – ИАС) – автоматизированная система сбора, накопления и обработки данных о племенных животных в субъектах племенного животноводства и о животных, вовлеченных в селекционный процесс, используемая для совершенствования стада и повышения генетического потенциала животных, сопровождаемая оператором.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок ведения информационной базы селекционной и племенной работы";

      в правый верхний угол приложения вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Департаменту производства и переработки животноводческой продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении 10 (десяти) календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
С. Омаров