Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 мамырда № 20559 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Теміржол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағы 33-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекітсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.08.2020 № 436 (01.07.2020 ж. қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 230 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Теміржол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі анықтамалар қолданыларды:

      1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы - жолаушылар тасымалдары үшін пайдаланылатын тартқыш көлік құралын (локомотивті) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға (бұдан әрі - Оператор);

      2) тасымалдаушы - жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамды иеленетін тұлға;;

      3) уәкiлеттi орган - теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;;

2-бөлім. Оператор шығындарын ұзақмерзімді сусидиялау тәртібі

1-Параграф. Оператор шығындарын ұзақмерзімді сусидиялау көлемін анықтау

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілердің реестрінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 11540 тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларымен сәйкес субсидиялау қарастырылған кездерді қоспағанда орнатылған тарифтік шарттарға сәйкес әлеуметтік қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы қызметін көрсетумен байланысты оператордың нақты шығындары республикалық бюджеттен ұзақмерзімді субсидиялауға жатады.

      4. Оператордың шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемі Заңның 14-бабы 2-тармағының 33-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бектілетін Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемін анықтау әдістемесіне сәйкес анықталады.

      5. Республикалық бюджеттік шығыстар бөліміне қосу үшін Оператор шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемін есептеу әрбір жолаушылар поезды бойынша Әдістемеге сәйкес бюджеттік бағдарламаның администраторымен жүргізіледі.

      7. Уәкілетті орган оператордың шығындарын ұзақмерзімді субсидиялауға Оператормен шарт жасайды (бұдан әрі - Шарт).

      6. Субсидияланатын поездардың саны өзгерген кезде Шарттың талаптарына сәйкес ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы субсидиялар көлемін вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне барабар қайта қарауға, оның ішінде қалыптастыру/айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар атауларын, арақашықтығын және маршруттың қатынау кезеңділігін өзгертуге жол беріледі.

2-Параграф. Субсидияны төлеу тәртібі

      7. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - Қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.

      Қаржыландыру жоспары Шартқа қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаржы институтымен және тасымалдаушы немесе Оператормен келісу бойынша уәкілетті органмен бекітіледі.

      8. Субсидияларды төлеу ай сайын көрсетілген қызметтік көлемі бойынша және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген есептік құжаттармен расталған көлем бойынша жасалған Шартқа сәйкес жүргізіледі.

      9. Шартқа сәйкес жылдық субсидиялау сомасынан 25%-ға дейінгі мөлшерде төлемақы көзделеді.

      10. Нақты шығындарды растау үшін тасымалдаушы ай сайын есептіден кейінгі айдың 25-ші күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға басшысымен, бас бухгалтерімен қолдарын қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді түсіндіруші түсіндірме жазбаны Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп.

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісін;

      3) тасымалдаушы мен оператор арасындағы есептілік кезеңінде әр айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;

      4) осы Қағидалардың 3 тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын өзге де құжаттар.

      11. Уәкілетті орган 15 күнтізбелік күні ішінде осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген тасымалдаушы құжаттарын ұсынған күннен бастап, орындалған жұмыстары актілеріне қол қойылады және есептік кезеңіне шығыстардың тізілімі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес және төлем шотымен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынылады.

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар қозғалысында
локомотив тартымы
операторының шығындарын
ұзақмерзімді субсидиялау
қағидаларына 1-Қосымша
  Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қатынасында көрсетілген локомотив тартымы көлемдері туралы ай сайынға есеп 20 __ жылғы _______________

Кезең (ай)

Поезд №

Қатынас

Арақашықтық, км.

Жүру жиілігі

Локомотив (серия, тартым турі)

Локомотив-сағат көлемі

Барлық шығындар,мың.тг

1

2

3

4

5

6

7


      Басшы

      Бас бухгалтер

      Мөр орыны (бар болса)

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар қозғалысында
локомотив тартымы
операторының шығындарын
ұзақмерзімді субсидиялау
қағидаларына 2-Қосымша
  Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қатынасында көрсетілген локомотив тартымы көлемдері туралы жыл басынан бастап ай сайынға есеп 20 __ жылғы _______________

Кезең (ай)

Поезд №

Қатынас

Арақашықтық, км.

Жүру жиілігі

Локомотив (серия, тартым турі)

Локомотив-сағат көлемі

Барлық шығындар,мың.тг

1

2

3

4

5

6

7


      Басшы

      Бас бухгалтер

      Мөр орыны (бар болса)

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар қозғалысында
локомотив тартымы
операторының шығындарын
ұзақмерзімді субсидиялау
қағидаларына 3-Қосымша
  Нысан

Орындалған жұмыстар актісі

      20__жылғы "__"_______

      Біз, төменде қол қойып отырғандар

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, акт қабылдауға жауапты басшының А.Ж.Ә (бар болған жағдайда)

      Бір тараптан_____________________________________________________________________

      (қолы, акт қабылдауға жауапты басшының А.Ж.Ә (бар болған жағдайда) ________________

      20___жылы екінші тараптан осы орындалған жұмыстар актісін жасап

Поезд №

Жүру күндерінің саны

Локомотив (серия, тартым түрі)

Локомотиво-сағат

Субсидиялау көлемі,мың. тенге

1

2

3

4

5








БАРЛЫҒЫ



      _______________ 20 ___ жылғы субсидиялау көлемі

      ________________________________________________________________________ құрайды

      (сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады)

      Тараптардың заңды мекен жайы:

Уәкілетті орган: _________________
БИН:___________
Банктік реквизиттер ___________

Локомотив тартымы операторы:_____
БИН:_____________
Банктік реквизиттер:___________

___________________________________
(басшының қолы, А.Ж.Ә (бар болса)

___________________________________
(басшының қолы, А.Ж.Ә (бар болса)

___________________________________
(бас бухгалтердің қолы, А.Ж.Ә (бар болса)

___________________________________
(бас бухгалтердің қолы, А.Ж.Ә (бар болса)

Мөр орыны (бар болған жағдайда)

Мөр орыны (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады