Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20617 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 11 мамырдағы
№ 119 бұйрығымен
бекітілген

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері

Республикалық маңызы бар қала, астана

Облыс

Халық саны 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Халық саны 20-50 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, бұл ретте облыстың әр ауданында кемінде 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

      Ескертпе:

      Жұмыс істеп тұрған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері осы нормативтерді бекіту сәтінде сақталады, жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төменгі деңгейіне дейін жеткізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады