"Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 485, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 396 және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 292-Ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 366 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 113 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20719 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру" мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 485, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 396 және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 292-Ө бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6678 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 наурыздағы "Егемен Қазақстан" газетінде № 94-97 (26499) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
__________М. Мирзагалиев

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
__________Е. Тургумбаев

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
__________Б. Атамкулов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады