"Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 мамырда № 20727 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 181 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 27.05.2021 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 21 мамырдағы
№ 201 Бұйрыққа
1-қосымша

"Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу тәртібін айқындайды.

      2. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу заңды тұлғаның белгілі бір техникалық параметрлері бар қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды орындауға құқығын электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органның ресми тануы мақсатында жүргізіледі.

      3. "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу хатын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалау және салудың техникалық параметрлерін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтінішті;

      2) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің электрондық көшірмесін;

      3) тұтынушыны электр желілеріне жоспарланатын қосу схемасының еркін нысандағы электрондық көшірмесін;

      4) қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергия берушi ұйымы қорытындысының еркін нысандағы электрондық көшірмесін;

      5) қолданыстағы техникалық шарттардың электрондық көшірмесін жібереді.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      8. Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      10. Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушіге жолдайды.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі өтінішті тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен жүйелік операторға қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу туралы сұрау салуларды жолдайды, олар ұсынылған сұрау салуды түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станциялар салудың техникалық орындылығы туралы қорытындыларын беру үшін сұрау салуды жолдайды, олар ұсынылған сұрау салуды түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.

      12. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу туралы оң жауаптар, сондай-ақ 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станциялар салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды алынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу-хатын немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген келісу туралы сұрау салуға теріс жауап;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      16. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының шешімі нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сот тәртібінде шағымдана алады.

  "Қосалқы (шунтталатын) электр
беру желiлерi мен шағын
станцияларды жобалауды және
салуды келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 1-қосымша

"Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу-хат немесе оны беруден дәлелді бас тарту.
Кызметті берушінің электрондық цифрлық көрсетілетін қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалау және салудың техникалық параметрлерін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің электрондық көшірмесі;
3) тұтынушыны электр желілеріне жоспарланатын қосу схемасының еркін нысандағы электрондық көшірмесі;
4) қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергия берушi ұйымы қорытындысының еркін нысандағы электрондық көшірмесі;
5) қолданыстағы техникалық шарттардың электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларда (бұдан әрі - Қағидалар) және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Қағидалардың 11-тармағында көзделген келісу туралы сұрау салуға теріс жауап;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
www.gov.kz - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөлімі "Қызметтер" бөлімшесінде;
порталда орналасқан;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөлімінің "Қызметтер" бөлімшесінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Қосалқы (шунтталатын) электр
беру желiлерi мен шағын
станцияларды жобалауды және
салуды келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 2-қосымша
  нысан
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
____________________________

      № __________                                    Күні: 20__ жылғы "___" ________

ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (орналасқан жері, заңды мекенжайы)

      БСН ______________________

      мынадай техникалық параметрлері бар қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен

      шағын станцияларды жобалау және салу үшін келісу-хат беруді сұрайды:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (орналасқан жері, қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды

      жобалаудың және салудың мақсаты)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Қосымша:

      1. Тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің электрондық көшірмесі, ___ парақта;

      2. Тұтынушыны электр желілеріне жоспарланатын қосу схемасының электрондық көшірмесі, ___ парақта;

      3. Қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергия берушi ұйымы қорытындысының электрондық көшірмесі, ___ парақта;

      4. Қолданыстағы техникалық шарттардың электрондық көшірмесі, ___ парақта.

      Заңды тұлғаның басшысы ______________ ___________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

  "Қосалқы (шунтталатын) электр
беру желiлерi мен шағын
станцияларды жобалауды және
салуды келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 3-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі


Министерство энергетики Республики Казахстан

Нұр-Сұлтан қ.


г. Нур-Султан

Күні: [Берілген күні] ж. [Ұйымның атауы] Нөмірі: [Құжат нөмірі] [Мекенжай]
Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Сіздің [Күні] ж. № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тарту негіздемесі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.А.]



  "Қосалқы (шунтталатын) электр
беру желiлерi мен шағын
станцияларды жобалауды және
салуды келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 4-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Министерство энергетики Республики Казахстан
Нұр-Сұлтан қ.
г. Нур-Султан
Күні: [Берілген күні] ж.
Нөмірі: [Құжат нөмірі]
Кіріс нөмірі: [Кіріс құжатының нөмірі]
Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауға және салуға КЕЛІСУ-ХАТ
Берілді: [Ұйымның атауы]
(ұйымның атауы)
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес [Ұйымның атауы] мынадай техникалық параметрлері бар қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалау және салу келісілді:
[Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалаудың және салудың техникалық параметрлері](қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалаудың және салудың техникалық параметрлері көрсетіледі)
Келісу-хаттың қолданылуының ерекше шарттары:
Басшы (уәкілетті тұлға):
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.А.]
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Берілген күні: [Берілген күні] ж.


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 21 мамырдағы
№ 201 Бұйрыққа
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 341 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11462 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 459 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11812 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 192 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15565 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 маусымда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 379 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16034 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады