"Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-57/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20733 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 175-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелді, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 2 болып жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 10-2,10-3 және 10-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-2. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өту туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында келтірілген.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негізінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыға веб-портал арқылы жугінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      10-3. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      10-4. Ақпараттық жүйеде ақау туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы туралы операторға хабарлайды.

      Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:

      "17-2. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сотқа шағымдануға құқылы.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қағидаларға 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-57/2020
Бұйрыққа қосымша
  Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін
арттыру және оларды қайта
даярлау қағидаларына
4-қосымша

"Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде);
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) оқу бағдарламасын толық игерген сәттен бастап, біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру - 1 (бір) жұмыс күні (оқу бағдарламасын толық игерген жағдайда), оқуды аяқтағаннан кейін біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының ұзақтығына қарамастан;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) біліктілігін арттырудан өткені туралы: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік;
2) қайта даярлау жөніндегі құжаттар: осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласының кадрларын қайта даярлау туралы куәлік;

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін - жеке тұлғаларға

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда (дүйсенбі - жұма сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс күндерін қоспағанда (сенбі, жексенбі) және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес;
2) портал - тәулік бойы, техникалық үзілісті қоспағанда, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.)

8

Құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті (не сенімхат бойынша оның өкілінің)

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
2) порталға:
электрондық түрдегі сұрау салу.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

10

Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайлары және байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың кез келген сатысында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады