"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 736 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № ҚР ДСМ-81/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 шiлдеде № 20952 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қарашадағы Кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 736 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5926 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2010 жылы жарияланған, № 5) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

      "40-1. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік іс-шаралардың әрекеті кезеңінде сараптама жұмыстары өндірушінің сапаны бақылау зертханасында немесе өндіруші пайдаланатын келісімшарттық зертханаларда өндіріс талаптарын бағалау және зертханалық сынақ өткізілмей аяқталады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік іс-шаралардың әрекеті кезеңінде сараптама жұмыстары өндірушінің сапаны бақылау зертханасында немесе өндіруші пайдаланатын келісімшарттық зертханаларда өндіріс талаптарын бағалау және зертханалық сынақ өткізілмей аяқталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады