"Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 15 шiлдедегi № 148-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 шiлдеде № 20977 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарда:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) монополияға қарсы органды нақты уақыт режимінде тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қашықтан кіру арқылы қамтамасыз етуі тиіс.";

      14-тармақтың 4) және 5) тармақшақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қашықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеген кезде биржа сауда-саттыққа қашықтағы қатысушыларды және монополияға қарсы органның лауазымды адамдарын қосу үшін порттардың қажетті санын қамтамасыз етеді;

      5) тауар биржасының уәкілетті органы (Директорлар кеңесі немесе Басқармасы) тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қосылған және онда сауда-саттыққа қатысушылар мен монополияға қарсы органның лауазымды адамдары қашықтықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеген кезде шарттарды, талаптар мен техникалық сипаттамаларды айқындайтын нормативтік құжатты бекітеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады