"Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 шiлдедегi № ҚР ДСМ - 93/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 тамызда № 21043 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанатын жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады;

      9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады;".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады