"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2020 жылғы 13 тамызы № 278 бұйрығымен бекітілген |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандары
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандары кеудеше немесе жапсырма болып табылады.
2. Кеудеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысаны болып табылады.
Кеудешенің сипаттамасы:
1) түсі – күрең, бір түсті;
2) артқы жағында "ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ", "ОРГАНИЗАТОР" деген жазу орналасады.
Жазудың көлемі: "ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ", "ОРГАНИЗАТОР" - әріптің биіктігі кемінде 27 миллиметр, әріптің ені 17 миллиметр, қаріптің қалыңдығы кемінде 6 миллиметр.
Жазу ақ немесе күміс түсті жарық шағылыстырғыш матадан "Arial" қарпімен жасалады.
Кеудешенің нысаны – 1 - сурет.
1 – сурет |
3. Жапсырма бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысаны болып табылады.
Сипаттамасы:
1) алдындағы және арқасындағы жапсырма ені кемінде 280 миллиметр, биіктігі кемінде 100 миллиметр тікбұрыш түрінде болады;
2) түсі – күрең, бір түсті;
3) ортасында "ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ", "ОРГАНИЗАТОР" деген жазу орналасады.
Жазудың көлемі: "ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ", "ОРГАНИЗАТОР" - әріптің биіктігі кемінде 27 миллиметр, әріптің ені кемінде 17 миллиметр, қаріптің қалыңдығы кемінде 6 миллиметр.
Жазу ақ немесе күміс түсті жарық шағылыстырғыш матадан "Arial" қарпімен жасалады.
Алдындағы және арқасындағы жапсырма нысаны – 2 - сурет.
2 – сурет |