"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 158-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
№ | Аурулар | АХЖ 10 кодтары |
1 | Туберкулез | A15-A19 |
2 | Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру | B20-B24 |
3 | Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы | В18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74 |
4 | Қатерлі ісіктер | С00-97; D00-09; D37-48 |
5 | Қант диабеті | E10-E14 |
6 | Психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) | F00-F99 |
7 | Балалардың церебралдық параличі | G80 |
8 | Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) | I21, I22, I23 |
9 | Ревматизм | I00-I02; I05-I09; M12.3; M35.3 |
10 | Дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары | M30-M36 |
11 | Нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары | G30-G32 |
12 | Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары | G35-G37 |
13 | Орфандық аурулар | В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0-E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М 31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарының тізбесі
1. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған);
2. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 451 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15417 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған);
3. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19966 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 ақпанда жарияланған).