"Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қазанда № 21375 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 486 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 23.05.2023 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15767 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қорғаныс істері жөніндегі департаменттері бағынысты ЖӘБО-да есепте тұратын БӨБТК әскери қызметшілер туралы ақпаратты жинақтау бойынша жұмыс жүргізеді, бағынысты ЖӘБО-ның БӨБТК әскери қызметшілердін болатын жерін (әскерге шақыру орнын) анықтау жөніндегі жұмысына бақылауды жүзеге асырады, тоқсан сайын деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жылы, қандай ЖӘБО және қашан әскерге шақырды, әскери бөлім, гарнизон, БӨБТК күні, үйінің мекенжайы, болатын жері және оларды анықтау бойынша қабылданатын шаралар туралы қолда бар ақпаратты) көрсетумен, іздестірілетін әскери қызметшілердің жинақталған тізімдерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына (бұдан әрі – ӘПББ) жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. БӨБТК әскери қызметшіні іздестіру және ұстау үшін іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын әскери полиция органының сұрау салуы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен келісу бойынша әскери техника бөлінеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің интернет ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады