Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 726 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қазанда № 21516 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін отырған кейбір бұйрықтардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайтбеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2020 жылғы 21 қазаны
№ 726 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 № 830 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 № 830 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 № 830 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 671 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17724 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қарашада жарияланды):

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жоғары тұрған бос басшы лауазымдарға кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарты "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 998 бұйрық) бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі-біліктілік талаптары) сәйкес келуі, ІІО қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішінің жоғары деңгейі болып табылады.".

      5. "Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 17 наурызда жарияланды):

      осы бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларында және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қатардағы, кіші және орта басшы құрамы лауазымдарына орналасуға қойылатын талаптар Заңмен, "Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12442 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар іріктеуге қатысу үшін ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының кадр қызметтеріне еркін нысанда жазылған өтінішті "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығының 17-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9), 10), 11), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелді) (бұдан әрі – Конкурс өткізу қағидалары) сәйкес әзірленді.";

      мынадай редакциядағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Заңның 11-бабының 6-тармағына сәйкес кандидат ІІМ білім беру ұйымында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет өткеру туралы осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша міндеттеме қабылдайды.".

      осы Тізбеге қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

  Тізімге
қосымша
  Ішкі істер органдарына
қабылданатын адамдар үшін
алғашқы кәсіптік даярлыққа
іріктеу қағидалары және одан
өту юшарттары, сондай-ақ
оларды алғашқы кәсіптік
даярлықтан шығару негіздеріне
1-1 қосымша
  нысан

Міндеттеме

      Мен, _____________________________________________________________________

                        (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 11-бабы

      6-тармағына сәйкес алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін үш жылдан

      кем емес мерзімде _________________________________________________________

                              (ІІО-дағы қызмет орнының атауын көрсетіңіз)

      қызмет өткеруді міндетіме аламын.

      Ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда немесе үлгермеушілігіме және (немесе) тәртіп бұзуыма байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымынан шығарылған, сондай-ақ өз қалауым бойынша кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес даярлау кезеңінде даярлауға, стипендия төлеуге, тамақтануға және тұруға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуді міндетіме аламын.

      Бұл міндет әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде қызметкер денсаулық жағдайы бойынша үш жыл ішінде қызметтен босатылған жағдайда не штаттың қысқаруымен, құқық қорғау органының қайта құрылуымен немесе таратылуымен байланысты басқа лауазымда жұмыс істей алмауы жағдайында, сондай-ақ оны басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру кезінде қолданылмайды.

      Кандидаттың Т.А.Ә. _________________                   қолы, күні ______________

      Кадр қызметі қызметкерінің Т.А.Ә.____________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады