Медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-164/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21561 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 104) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 28 қазаны
№ ҚР ДСМ-164/2020 бұйрыққа
қосымша

Медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 104) тармақшасына сәйкес әзірленді және ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету мақсатында медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Құпия аудитті жүргізу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың негізінде аудитті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі -– ДСҰ) құпия аудитті жүргізеді.

2-тарау. Медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу тәртібі

      3. Құпия аудит:

      - ана өлімі;

      - перинаталдық өлім;

      - нәресте өлімі;

      - акушериядағы қиын жағдайлары бойынша жүргізіледі.

      4. ДСҰ-ның құпия аудитінің әрбір бағыты (ана, перинаталдық, нәресте өлімі және акушериядағы қиын жағдайлар) бойынша басшылар тағайындалады.

      5. Денсаулық сақтау басқармалары және республикалық деңгейдегі қалаларда әрбір бағыт бойынша құпия аудиттің өңірлік үйлестерушілері (бұдан әрі – ҚАӨҮ) тағайындалады.

      6. ДСҰ аудит жүргізуді және құпия аудитті жүргізу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға талдамалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.

      7. Ана өлімінің кұпия аудиті:

      1) ана өліміне әкелген медициналық және медициналық емес, оның ішінде әлеуметтік және отбасылық сипаттағы себептер мен факторларды анықтау;

      2) қоғамдық деңгейде, сондай-ақ медициналық ұйымдар деңгейінде теріс факторларды белгілей отырып, ана өлімі жағдайларын ғылыми-дәлелді медицина негізінде бағалау;

      3) жүкті, босанатын, босанған әйелдерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында сектораралық (ведомстволық) тәсілмен нақты ұсынымдарды әзірлеу үшін жүргізіледі.

      8. ҚАӨҮ мына іс-шараны жүргізеді:

      1) өңірде жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдің өлім жағдайы туралы ақпаратты алған кезден (себептеріне қарамастан) 3 жұмыс күні ішінде ДСҰ-ды хабардар етеді және ақпаратты жинауға кіріседі;

      2) құжаттарды жинауды жүргізеді, қайтыс болған әйелдің медициналық құжаттамасын көшіреді және иесіздендіреді;

      3) қайтыс болған әйелге медициналық көмек көрсетуге қатысқан медицина қызметкерлерінің назарына жеткізеді, оларға жасырын сауалнама жүргізеді;

      4) қайтыс болған пациенттің туыстарына жасырын сауалнама жүргізеді, бұл ретте анкеталар және (немесе) сауалнама парақтары жасырын түрде толтырылады (қолдардың және әйелдің жеке басы туралы деректердің, елді мекен және медициналық персонал туралы деректердің жоқтығы);

      5) иесіздендірілген құжаттама мен жасырын сауалнамалар құпия аудит жүргізу үшін ДСҰ-ға жіберіледі.

      9. ДСҰ құпия аудит жүргізуді және оны өткізудің нәтижелері бойынша талдамалық ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.

      10. ДСҰ ана өлімінің ҚАӨҮ үшін белгіленген, аралық және қорытынды кеңестерді, сондай-ақ білім беру семинарларын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      11. Перинаталдық және нәресте өлімі бойынша құпия аудит:

      1) перинаталдық және нәресте өлімі, оның ішінде әлеуметтік және отбасылық сипаттағы шығындар жағдайына әкеп соққан медициналық және медициналық емес себептерді анықтау;

      2) қоғамдық деңгейде, сондай-ақ медициналық ұйымдар деңгейінде теріс факторларды белгілей отырып, перинаталдық және нәресте өлімі жағдайларын ғылыми-дәлелді медицина негізінде бағалау;

      3) жаңа туған нәрестелер мен балаларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында сектораралық (ведомстволық) тәсілмен нақты ұсынымдарды әзірлеу;

      4) 72 сағат ішінде перинаталдық, сәби өлімінің әрбір жағдайы туралы ДСҰ өкілін ауызша хабардар ету;

      5) құпия аудит үшін сауалнама парағын сапалы толтыруды қамтамасыз ету;

      6) ДСҰ өкіліне 1 ай ішінде болған перинаталдық өлімнің әрбір жағдайы бойынша толтырылған сауалнама парақтарын, барлық медициналық құжаттардың иесіздендірілген көшірмелерін жіберу;

      7) ДСҰ өкіліне қайтыс болған жағдайды бағалау бойынша сараптама жіберу;

      8) жеке қатысу арқылы немесе бейне-байланыс арқылы ДСҰ отырыстарына қатысу;

      9) ДСҰ түпкілікті есебін әзірлеуге қатысу;

      10) перинаталдық өлімнің әрбір жағдайы бойынша барлық медициналық құжаттың көшірмелерін иесіздендіру;

      11) медицина қызметкерлеріне сауалнама парақтарын толтыруға көмектесу;

      12) ДСҰ-ға жіберу алдында медициналық құжаттаманы ресімдеу бойынша техникалық жұмысты орындау үшін жүргіледі.

      12. ДСҰ құпия аудит жүргізуді және оны өткізудің нәтижелері бойынша талдамалық ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.

      13. ДСҰ перинаталдық және нәресте өлімі бойынша ҚАӨҮ үшін белгіленген, аралық және қорытынды кеңестерді, сондай-ақ білім беру семинарларын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      14. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудиті - пациентке, әйелдің өзіне және басқа да адамдарға медициналық көмек көрсеткен медициналық персоналға жасырын сауалнама жүргізу, сондай-ақ медициналық ұйымдар деңгейіндегі жұмыс тобының отырысында талқылау әдісімен өмірге қауіп төндіретін жағдайлар жағдайларын зерттейді.

      15. Мынадай қиын жағдайлар акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудиті жатады:

      1) гистерэктомия және гемотрансфузиямен сүйемелденетін қан кету;

      2) акушерлік сепсис;

      3) асқынулары бар ауыр дәрежедегі преэклампсия және эклампсия.

      16. Өңірде акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізу үшін құрамында дәрігерлер бар жұмыс тобы құрылады және акушерлік практикадағы қиын жағдайлар аудитін жүргізуге жауапты адам тағайындалады.

      17. Құпия аудит жүргізу үшін жауапты адам:

      1) медициналық персоналдың сауалнаманы (сауалнама парағы) толтыруды;

      2) оқудан өткен жұмыс тобының мүшесі әйелдердің сөздерінен оқиғаларды қайта құру (қалпына келтіру) үшін әйелден сұрастыруды;

      3) болған оқиғаға қатысы бар медицина қызметкері жазбаша ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      18. Акушерлік практикадағы қиын жағдайларды талдау жөніндегі жұмыс тобының отырысына:

      1) акушерлік практикадағы қиын жағдайларды талдау үшін жауапты адам;

      2) қиын жағдайға тікелей қатысы бар медициналық персонал;

      3) психолог (бар болса);

      4) акушерлік практикадағы қиын жағдайлар аудиті жұмыс тобының мүшелері қатысады.

      19. Акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізетін жұмыс тобы:

      1) босандыру ұйымына түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін ("Есіктен есікке дейін" тәсілі) әйелді қадағалап-қарауды жүргізеді, кәсіби деңгейде жүзеге асырылған медициналық көмек элементтерін, сондай-ақ білікті түрде жеткіліксіз жүзеге асырылғанды белгілейді;

      2) дұрыс күтім жасамауға ықпал еткен факторларды немесе себептерді, сондай-ақ сапалы медициналық көмек көрсетуге кедергі келтірген факторларды немесе себептерді талдайды;

      3) жетілдіру үшін медициналық көмек көрсетудің кезеңдерін анықтайды;

      4) күттірмейтін акушерлік көмекті талап ететін жаңа жағдайлар туындаған кезде сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін ұсынатын және енгізетін іс-әрекеттерді немесе шешімдерді (ұсынымдар) әзірлейді.

      20. Әрбір отырыс құжатталады.

      21. Акушерлік-гинекологиялық бейіндегі медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның акушерлік практикасындағы қиын жағдайлардың аудитін жүргізуге жауапты адам ДСҰ-на қиын жағдайлардың алдын алу бойынша есеп пен ұсынымдарды ай сайын ұсынады.

      22. ДСҰ акушерлік практикада АПЖА жүргізу үшін жауапты адамдардың есептерін талдайды және өңірлер бойынша жиынтық ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады