"Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 1061 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21585 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14914 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген, Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларында:

      1, 3 және 4 қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 1061 Бұйрығына
1-қосымша
  Темекі өнімдеріне арналған
дербес сәйкестендіру нөмір-
кодтарын беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге арналған өтінім

      Көрсетілетін қызметті алушылар атауы: ___________________________

      Көрсетілетін қызметті алушылар жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі: ________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушылар түрі (өндіруші және (немесе) импорттаушы):

      _____________________________________________________

Темекі өнімінің таңбасы

Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі және басқа темекі)

Қораптағы (орауыштағы) темекі өнімінің бірлік саны, (дана, грамм, миллилитр)

Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ)

1.





2.





...





      Басшы _______________________________________             ________________

            (Тегі, аты-жөні, әкесінің аты) (ол болған кезде)                  (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 1061 Бұйрығына
2-қосымша
  Темекі өнімдеріне арналған
дербес сәйкестендіру нөмір-
кодтарын беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімі

Р/с№

Өтінім берушінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Өтінім берушінің заңды меке-жайы

Темекі өнімінің таңбасы

Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі және басқа темекі)

Қораптағы (орауыштағы) темекі өнімінің бірлік саны, (дана, грамм, миллилитр)

Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ)

Дербес сәйкестендіру нөмірлер--коды

1.









...









  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 1061 Бұйрығына
3-қосымша
  Темекі өнімдеріне арналған
дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы ДСН-кодтарының құрылымы мынадай сызбада ұсынылған:



      Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) - темекі өнімдерінің өндіретін және (немесе) импорттайтын жеке және заңды тұлғаның коды.

      Екінші фасет (екінші топ екі саннан) – тауарлар тобы (сүзгімен сигареттер – 01; сүзгісіз сигареттер – 02; папиростар – 03; сигаралар – 04; сигариллалар – 05; қыздырылатын темекісі бар бұйымдар – 06; қорқорға арналған темекі – 07; басқа темекі – 08).

      Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – темекі өнімінің таңбасы.

      Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) – қораптағы немесе бумадағы темекі өнімінің саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады