ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.01.2023 (бұйрықтың 3 т.)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 1232 Бұйрығымен бекітілген |
Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып, әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып, әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып, әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы арнайы бейнебақылау және (немесе) фотоға түсіру құралдарын қолданумен қарап тексеру нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны шолып тексеру болып табылады.
3. Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып, әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік кірістер органы қалыптастратын штрих-код (QR-коды) пайдаланылады.
4. Шолып тексеруді жүргізе отырып, салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба Қазақстан Республикасында жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге (бұдан әрі – салық төлеушілер) қолданылады.
5. Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.
2-тарау. Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып, әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу тәртібі
6. Салық төлеушілер шолып тексеруді жүргізе отырып салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаның басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, бұл ретте егер жеке немесе заңды тұлға Қағидалардың қолданысқа енгізілгеннен кейiн құрылған болса, онда құрылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-портал арқылы (https://kgd.gov.kz) белсенді терезеде жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН/БСН), бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – БКМ) тіркеу нөмірін енгізу, "код құру" деген батырманы басу және басып шығару жолымен штрих-кодты (QR-кодты) алады;
2) БКМ орналастырылған жерде штрих-кодты (QR-кодты) орналастырады;
штрих-код (QR-код) мынадай ақпаратты:
ЖСН/БСН;
салық төлеушінің толық атауын;
салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайын;
алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауын;
БКМ тіркеу нөмірін;
салық төлеушінің мәртебесін (әрекет, әрекетсіз, қызметті тоқтата тұру) қамтиды.
7. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу мәселелері бойынша салық төлеушілерге түсіндірмелер ұсынады;
2) салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірулерді береді;
3) шолып тексеруді жүргізу туралы шешімді (бұдан әрі – Шешім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсында орналастырады;
4) қатаң есептілік бланкісі болып табылатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шолып зерттеу актісін жасайды.
8. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде шолып тексеруді жүргізу жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік кірістер органының шешімін шығаруға:
1) мынадай мәселелер бойынша мемлекеттік кірістер органына келіп түскен шағымдардың болуы:
Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қойылмауы;
БКМ қолдану тәртiбiн бұзу;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы;
алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болмауы;
2) бұрын жүргізілген шолып тексеруде анықталған бұзушылықтардың жойылмауы негіз болып табылады.
10. Шешімде:
салық төлеушінің атауы;
шолып тексеру жүргізудің мекенжайы;
шолып тексеруді жүргізу жөніндегі міндет жүктелген мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдары;
шолып тексеруді жүргізу мерзімі туралы мәліметтер қамтылады.
11. Шешімде көрсетілген шолып тексеруді жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күн бұрын мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсында Шешім орналастырылады.
12. Бұзушылықтарды тіркеу арнайы бейнебақылау және (немесе) фототіркеу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
Шағым беру мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтар туралы ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің жауапты лауазымды адамына жүктеледі.
Шолып зерттеу актісін салық төлеушіге берілген күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде шағымдану мерзімін құрайды.
13. Шолып тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары шолып тексеру барысында алынған мәліметтердің шолып тексеру актісінде толық көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан | |
20__ жылғы "__" __________ (шешім қабылданған күн) |
Шолып тексеруді жүргізу туралы №___ шешім
Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидаларының 8-тармағына сәйкес
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тексерілетін субъект басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______
_____________________________________________________________________
3. Шолып тексеруді жүргізу мекенжайы ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(объектінің орналасқан мекенжайы)
4. Мемлекеттік кірістер органының шешім шығаруы үшін (керегінің астын сызу керек):
1) мынадай мәселелер бойынша мемлекеттік кірістер органына келіп түскен шағымның болуы:
Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қойылмағаны;
бақылау-касса машинасын қолдану тәртiбiн бұзу;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы;
алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болмауы;
2) бұрын жүргізілген шолып тексеруде анықталған бұзушылықтардың жойылмауы негіз болып табылады.
5. Шолып тексеруді жүргізу мерзімі – уәкілетті орган шешім шығарған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күн.
6. Шолып тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
Басшы
_____________________________________________________________________
мемлекеттік кірістер органының атауы
____________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөртаңба орны
Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
№___ шолып тексеру актісі
Мен (біз), ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
____________________________________________________________________
(орналасқан жеріні? мекен-жайы)
_______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
тексеру жүргіздім (жүргіздік).
Анықталды:
Шолып тексеру жүргізу барысында ______________________________________
____________________________________________________________________
(жабық базар, сауда үйі, дүкен, павильон)
бұзушылықтар жоқ:
мынадай бұзушылықтар анықталды: ____________________________________

Шолып тексеру актісіне қосымша жазба ___________________.
____________________ ______________________________________ _________
салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
атауы
Осы актіні жасады:
____________________ ______________________________________ _________
мемлекеттік кірістер тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
органының лауазымды
адамының лауазымы
____________________ ______________________________________ _________
мемлекеттік кірістер тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
органының лауазымды
адамының лауазымы
20__ жылғы "____" ___________