Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 205-1283 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 маусымда № 1274 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Қайсағалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 25 маусымы
№ 205-1283 қаулысына
қосымша

Әкімдіктің күші жойылған қаулылардың тізбесі

      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 205-1418 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1055 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте № 109 (3461) "Астана ақшамы", № 109 (3479) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      2. "Астана қаласында геология саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 205-1419 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1053 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте № 109 (3461) "Астана ақшамы", № 109 (3479) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      3. "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 205-1420 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1056 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте № 109 (3461) "Астана ақшамы", № 109 (3479) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      4. "Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 205-1421 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1052 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте № 109 (3461) "Астана ақшамы", № 109 (3479) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      5. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 205-701 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1175 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 мамырда № 62 (3722) "Астана ақшамы", № 62 (3740) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады