"Астана қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 511/68-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шiлдеде № 1276 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 65 бабы 4-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабын, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 109 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылдың 11 қантарында № 1150 тіркелген, 2018 жылдың 13 қаңтарында "Aстана aқшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Шешімнің тақырыбында, бүкіл мәтін бойынша, шешімге қосымшада "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының ортақ су пайдалану қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3, 13-1, 17-1, 27-1, 27-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты (бұдан әрі – мәслихат) азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қағидаға сәйкес тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

      9-2. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында халыққа шомылу жүзеге асырылмайтын мынадай жерлер айқындалсын:

      1) шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;

      2) температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;

      3) судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;

      4) сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).

      9-3. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыс жайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органы белгілейді.";

      "13-1. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.";

      "17-1. Су пайдаланушы мәслихаттың оң шешімін алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіндігі және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.";

      "27-1. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

      27-2. Мәслихат ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.".

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы С. Батпенов
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы М. Шайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады