Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № А-3/108 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 наурызда № 7713 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Ақмола облысы әкімдігінің "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" 2015 жылғы 27 мамырдағы № А-6/236 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4850 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Ақмола облысы әкімдігінің "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № А-6/236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 1 наурыздағы № А-3/105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6475 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржикпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады