Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № А-4/155 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 7772 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржикпаев

 
Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 26 наурыздағы
№ А-4/155 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5256 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/21 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5257 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Ақмола облысы әкімдігінің "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 4 ақпандағы № А-2/48 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5274 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № А-5/147 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5338 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Ақмола облысы әкімдігінің "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/21 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 5 маусымдағы № А-6/255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7233 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Ақмола облысы әкімдігінің "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/20 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/283 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7264 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Ақмола облысы әкімдігінің "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/19 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 29 тамыздағы № A-9/409 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7370 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № А-5/147 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № A-9/428 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7387 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Ақмола облысы әкімдігінің "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № А-2/48 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № А-9/440 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7385 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады