Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С 64-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 қаңтарда № 8321 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 08.01.2024 № С 15-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Ақкөл аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Ақкөл аудандық мәслихатының "Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6583 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) Ақкөл аудандық мәслихатының "Ақкөл аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 "Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 шілдедегі № С 42-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7292 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы,
Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Д.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі


  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ С 64-2 шешіміне
1-қосымша

Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақкөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Ақкөл ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер арқылы алушының шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 9 мамыр - Жеңiс күнi;

      3) 1 қазан - Қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      3) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      4) еңбек ардагерлеріне;

      5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      6) ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      7) барлық топтағы мүгедектерге;

      8) табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);

      9) әлеуметтік мәні бар аурулары (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға;

      10) адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар балаларға, оның ішінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушыларға;

      11) аз қамтылған отбасылардан, ауылдық жерлерде тұратын халықтың (отбасылардың), әлеуметтік - әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;

      12) аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың), әлеуметтік - әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу мекемелерінде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;

      13) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      14) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;

      15) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;

      16) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      10. Әлеуметтік көмек:

      1) Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      еңбек ардагерлеріне;

      2) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне:

      3) Қарттар күніне:

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге;

      4) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

      барлық топтағы мүгедектерге;

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      5) өмірдегі қиын жағдайда әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан, азаматтардың келесі санаттарының өтініші бойынша жылына бір рет көрсетіледі:

      әлеуметтік мәні бар аурулары (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар – дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы негізінде 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтамасы негізінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) әлеуметтік көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққанын растайтын анықтама негізінде көрсетіледі:

      аз қамтылған отбасылардан, ауылдық жерлерде тұратын халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге – күндізгі оқу формасы бойынша оқуын төлеу үшін, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде, жыл сайын;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге – күндізгі оқу формасы бойынша оқуын төлеу үшін, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде, жыл сайын;

      7) өмірдегі қиын жағдай туындаған кезде, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) орташа жан басына шаққандағы табысын ескерместен ай сайын:

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (туберкулезбен ауыратын амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға) –дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы негізінде 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар балаларға, оның ішінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушыларға, ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – алушының мәртебесін растайтын құжатты ұсынған кезде қалалық жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түрінде;

      8) Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өтініш бермей ай сайын жүз пайыз мөлшерінде көрсетіледі:

      коммуналдық қызмет шығындары, байланыс қызметтері (абоненттік төлем) үшін қызмет көрсетушілер ұсынған тізілімдерге сәйкес алушылардың жеке шоттарына;

      Әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімдері өмірдегі қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3- тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның немесе басқа да ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      14. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ақкөл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      15. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ақкөл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      16. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      17. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады