2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № А-08/241 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 8006 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Бұланды ауданы әкімдігінің "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 17 наурыздағы № А-2/73 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7731 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К.Н. Исмағамбетоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі Т.Ерсеитов

  Бұланды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "28" тамыздағы
№ А-08/241 қаулысымен
бекітілген

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге
айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

834

0

38992

0

3 жасқа дейін -9000
3 жастан 6 жасқа дейін - 10000

0

2

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

275

0

33394

0

3 жасқа дейін -9000
3 жастан 6 жасқа дейін - 10000

0

3

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

16

0

10438

0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады