Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 маусымда № 7876 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 16.07.2021 № а-7/186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 16.07.2021 № а-7/186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 16.07.2021 № а-7/186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру туралы" 2019 жылғы 4 мамырдағы № а-5/140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7176 тіркелді, 2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) қаулысы күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімі аппаратының басшысы Е. Б. Құттыбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі А.Альжанов

      "КЕЛIСIЛДI"

      Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "01" маусымдағы
№ а-6/166 қаулысына
қосымша

Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 16.07.2021 № а-7/186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/р

Елді мекеннің атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Ерейментау қаласы

Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 113.

Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 114.

Хабарландыруға арналған бағана, Шоқан Уәлиханов көшесі, 39.

2.

Олжабай батыр атындағы ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Шәмшіт Байтуаров атындағы көшесі, 15.

3.

Ынтымақ ауылы

Ақпараттық стенд, Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшесі, 19.

4.

Алғабас ауылы

Ақпараттық стенд, Шәйкен Тұрсынбаев атындағы көшесі, 9.

5.

Күншалған ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Күншалған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Иллиадор Поморцев атындағы көшесі, 8.

6.

Шәкей ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Шакей ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жаңатұрмыс көшесі, 36.

7.

Қаратал ауылы

Ақпараттық стенд, Тәуелсіздік көшесі, 42.

8.

Сілеті ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 9.

9.

Еркіншілік ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сарыжайлау көшесі, 24.

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Еркіншілік ауылының "Еркетай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд, Юрий Гагарин көшесі, 34.

Ақпараттық стенд, Мейман Мақатаев көшесі, 9.

10.

Еңбек ауылы

Ақпараттық стенд, Шайхы Кәрібаев көшесі, 16.

11.

Тайбай ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Тайбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сарыарқа көшесі, 53.

12.

Елтай ауылы

Ақпараттық стенд, Достық көшесі, 4/2.

13.

Жарық ауылы

Ақпараттық стенд, Ынтымақ көшесі, 3.

14.

Малтабар ауылы

Ақпараттық стенд, Бөгенбай батыр көшесі, 9/3.

15.

Торғай ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Торғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жәнібеков Құрмаш атындағы көшесі, 21.

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сәкен Сейфуллин көшесі, 16.

16.

Балықты ауылы

Ақпараттық стенд, Орталық көшесі, 12.

17.

Жаңажол ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Тәуелсіздік көшесі, 4.

18.

Қарағайлы ауылы

Ақпараттық стенд, Қарағайлы көшесі, 16.

19.

Ақмырза ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жастар көшесі, 20.

20.

Жолбасшы ауылы

Ақпараттық стенд, Жолбасшы көшесі, 13.

21.

Ақсуат ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 2.

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Бөгенбай батыр атындағы көшесі, 16/1.

22.

Бозтал ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Бозтал ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Достық көшесі, 2.

23.

Өлеңті ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд, Мәншүк Маметова көшесі, 1а.

24.

Өлеңті станциясы

Ақпараттық стенд, Жастар көшесі, 3.

25.

Қоржынкөл станциясы

Ақпараттық стенд, Саққұлақ би атындағы көшесі, 16.

26.

Новомарковка ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Яков Киселев көшесі, 20.

27.

Қойтас ауылы

Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы "Ерейментау ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ғимаратының жанындағы стенд, Бейбітшілік көшесі, 11.

28.

Ажы ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ажы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Зейн Шашкин көшесі, 6.

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Қойтас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Зейн Шашкин көшесі, 4.

29.

Бестоғай ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Абай Құнанбаев көшесі, 93.

30.

Байсары ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Байсары ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жеңіс көшесі, 44.

31.

Қызылту ауылы

Ақпараттық стенд, Болашақ көшесі, 11.


  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "01" маусымдағы
№ а-6/166 қаулысына
2-қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 16.07.2021 № а-7/186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады