Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 "Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 8236 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау ауданы әкімінің "Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 тіркелген, 2017 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. № 600 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Хуторок ауылы, Талғат Бигелдинов көшесі, 10, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралар: Хуторок ауылы.";

      16 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "16. № 615 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Новоселовка ауылы, Қараөткел көшесі, 20/1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Сандықтау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Новоселовск медициналық пунктінің ғимараты.

      Шекаралар: Новоселовка ауылы.";

      34 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "34. № 636 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Петровка ауылы, Абай атындағы көшесі, 36, Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Петровка ауылдық клубының ғимараты.

      Шекаралар: Петровка ауылы.";

      5, 7 тармақтарда "Джамбул" сөзі "Жамбыл" сөзімен ауыстырылсын;

      5 тармақта қазақ тіліндегі "Чернова" сөзі "Чернов" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі А.Уисимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы

      "08" желтоқсан 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады