2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қазандағы № А-3/289 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қазанда № 8083 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. К. Айткужиноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Целиноград ауданының әкімі Б.Оспанбеков

  Целиноград ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "16" қазанындағы
№ А-3/289 қаулысымен
бекітілген

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 21.12.2020 № А-3/394 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

2378

7521

32599,6

32599,6

3 жасқа дейін - 8800 3 жастан 6 жасқа дейін - 11000

16000

2

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

460

-

16299,8

-

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады