Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № а-2/64 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 7680 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Бурабай ауданы Абылайхан, Атамекен, Қатаркөл, Кенесары ауылдық округтерінің және Щучинск қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 36,49 гектар "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан қырық сегіз (48) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары У.М. Габдуллинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі А.Муздыбаев

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "21" ақпандағы
№ а-2/64 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Бурабай ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар

Жер санаты

1

Абылайхан ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

9,36

Темiр жол көлiгiнiң жерi

2

Атамекен ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

8,03

Темiр жол көлiгiнiң жерi

3

Қатаркөл ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

3,18

Темiр жол көлiгiнiң жерi

4

Кенесары ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

10,54

Темiр жол көлiгiнiң жерi

5

Щучинск қаласының әкімшілік шекараларында

5,38

Темiр жол көлiгiнiң жерi

Барлығы

36,49



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады