Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 163 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 7058 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 65, 274-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері 106 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде айқындалсын.

      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 325 "Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5939 тіркелген, 2018 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады