Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 188 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 7085 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  2020 жылғы 4 мамыры № 188 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 205 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4434 тіркелген, 2015 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 281 "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4485 тіркелген, 2015 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 350 "Ақтөбе облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4552 тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 150 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 205 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4917 тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 331 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 205 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5060 тіркелген, 2016 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 296 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 205 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5645 тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).

      7. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 317 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 205 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5932 тіркелген, 2018 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).

      8. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 476 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 350 "Ақтөбе облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6521 тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады