Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 546 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 7052 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
И. Назарбаев
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шинтасова
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
      _____________Б. Елеусінова
      2020 жылғы "___"_____

  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірі № 546 шешіміне қосымша
  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешімімен бекітілген

Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары

      1. Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 24) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзiрленді (бұдан әрi - Үлгiлiк қағидалар) және Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөрiс деңгейi – Ақтөбе облысының статистика органы есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      5) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы- отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

      7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі);

      9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      10) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.

      3. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Жұмыспен қамту бөлімімен осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.

      5. Әлеуметтiк көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi - алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай - ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.

      6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбесі:

      Жеңіс күні - 9 мамыр;

      Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі;

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстық ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi

      9. Ай сайынғы әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;

      4) екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;

      5) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;

      6) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде;

      7) туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген (жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, банктегі шотының нөмірі жалғанған) тізімдерге сәйкес, жылына 6 айға амбулаториялық ем алу мерзіміне 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.

      10. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 10-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      4) 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      5) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      6) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      7) қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      8) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде.

      11. Өмiрлiк қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 180 000 (жүз сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 120 000 (жүз жиырма мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 95 000 (тоқсан бес мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      4) төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнетақы төлемдерін алушыларға, 70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      7) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      9) аз қамтылған азаматтарға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      10) әлеуметтік мәні бар аурулары (онкологиялық аурулары бар адамдар, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған) бар азаматтарға 95 000 (тоқсан бес мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      11) адамдардың қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сол сияқты аз қамтылған отбасыларға кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге 35 000 (отыз бес мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде.

      12. Қала нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша оқудың күндізгі нысанының оқуын төлеу үшін: жетім балалар; балалар үйінің түлектері; бала кезінен мүгедектер; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) көп балалы отбасылар балалары:

      Ақтөбе қаласының арнаулы орта оқу орындарында оқудың іс жүзіндегі құны мөлшерінде жүргізіледі және 180 000 (жүз сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде оқу жылы ішінде екі бөліп аударылады.

      Оқуға ақшалай төлем есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін арнайы комиссия анықтайды.

      Әлеуметтік көмек студенттерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет, оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерді өтеуге көрсетіледі.

      Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында талап етілетін клиникалық мамандықтар аясында оқитын резидентура тыңдаушыларына, жоғарғы оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқытудың өтемелі шартын ұсынған кезде, әлеуметтік көмек, кірісті есепке алмай оқудын ақшалай құны мөлшерінде, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Денсаулық сақтау басқармасы) ұсынуымен көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарды қоспағанда).

      Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келу не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

      3) Ақтөбе қаласы мәслихаты ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.

      14. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей.

      15. Әрбір жекелеген жағдайда, көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      16. Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай кезеңіне біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі:

      1) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы I, II және III-топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде;

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі;

      2) табыстарын есепке алмай, қазіргі уақытта амбулаториялық ем алушы онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, иммуно жетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, Денсаулық сақтау басқармасының тізімдері негізінде;

      3) табыстарын есепке алмай, "Әлеуметтік көмек орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің тізімі негізінде арнайы әлеуметтік қызметтерді алатын Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне қызмет көрсете алмайтын және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (I, II-топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарт адамдарға;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, арнайы комиссия бекіткен Ақтөбе қаласы "Алматы" және "Астана" аудандарының әкімдері ұсынған тізімдері негізінде.

      Әлеуметтік көмек бір адамға тек бір санат бойынша көрсетіледі және төтенше жағдай кезеңінде қолданылады.

      Әлеуметтік көмек құжаттарсыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      17. Қағидалардың 10-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға, атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекiткен тiзiмі бойынша көрсетiледi.

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) Үлгiлiк қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтер;

      3) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтер;

      4) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

      19. Осы Қағидаларда күшіне енгенге дейінгі қабылданған, Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;

      3) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);

      4) психологиялық-медико-педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін).

      20. Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерді алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана көрсетіледі.

      21. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек, осы Қағидалар күшіне енгенге дейін қабылданған Қағидалардың 10-тармағының 7) - 8) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Жұмыспен қамту бөлімінің ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.

      22. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

      23. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      24. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Үлгiлiк қағидаларға 2, 2 сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға жiбередi.

      25. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      26. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      27. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      28. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      29. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 25 және 26 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      30. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда-негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      31. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      32. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      33. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ақтөбе қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      34. Бұл ретте дәйексіз мәліметтерді келтіріп заңсыз әлеуметтік көмек тағайындауға әкелгені анықталған жағдайда, әлеуметтік көмек төлеу тағайындалған тұлғаға (отбасына) белгіленген кезеңге тоқтатылады.

      35. Артық төленген сомалар ерiктi қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда - сот арқылы.

5. Қорытынды ереже

      36. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

О внесении изменения в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе"

Решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 13 апреля 2020 года № 546. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 15 апреля 2020 года № 7052

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Указом Президента Республики Казахстан от 15 марта 2020 года № 285 "О введении чрезвычайного положения в Республике Казахстан", маслихат города Актобе РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5179, опубликованное 13 января 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) cледующее изменение:

      Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе, утвержденные указанным решением изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Актобе" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Актобе, после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата города Актобе
И. Назарбаев
      Секретарь маслихата
города Актобе
С. Шинтасова
      СОГЛАСОВАНО:
      Руководитель государственного
учреждения "Управления
координации занятости и
социальных программ
Актюбинской области"
      ___________Б. Елеусинова
      "____"_______2020 г.

  Приложение к решению маслихата города Актобе от 13 апреля 2020 года № 546
  Утверждены решением маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 24) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) памятные даты - события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима города Актобе, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      4) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органом статистики в Актюбинской области;

      5) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Актобе" (далее - Отдел занятости) финансируемое за счет местного бюджета, осуществляющее оказание социальной помощи;

      9) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акима города Актобе для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      10) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Данные Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих в городе Актобе.

      4. Социальная помощь предоставляется отдельным категориям нуждающихся граждан Отделом занятости в порядке, определяемыми настоящими Правилами.

      5. Под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местными исполнительными органами (далее - МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      6. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      7. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      День Победы - 9 мая;

      День инвалидов - второе воскресенье октября;

      8. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых областным МИО.

2. Перечень категорий получателей социальной помощи и размеры социальной помощи

      9. Ежемесячная социальная помощь без учета дохода оказывается:

      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги, в размере 20 000 (двадцати тысяч) тенге;

      2) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 10 000 (десяти тысяч) тенге;

      3) другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 10 000 (десяти тысяч) тенге;

      4) женам (мужьям) умерших участников Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 2 500 (двух тысяч пятьсот) тенге;

      5) гражданам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу, не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года на коммунальные услуги в течение 7 месяцев отопительного сезона (с января по апрель, с октября по декабрь) в размере 2 500 (двух тысяч пятьсот) тенге;

      6) родителям или законным представителям детей - инвалидов, обучающихся на дому, на одного ребенка-инвалида в размере 5 000 (пяти тысяч) тенге;

      7) гражданам, больным различной формой туберкулеза, согласно списков (с приложением копий документа, удостоверяющего личность, номер счета в банке) государственного коммунального предприятия "Актюбинский областной противотуберкулезный диспансер" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области" предоставляемых ежемесячно на период амбулаторного лечения, в пределах 6 месяцев в году, в размере 20 000 (двадцати тысяч) тенге.

      Социальная помощь оказывается указанным лицам, если они не находятся на полном государственном обеспечении.

      10. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается:

      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 1 000 000 (одного миллиона) тенге;

      2) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      3) другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, за исключением лиц, указанных в подпункте 4) пункта 10, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      4) лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      5) гражданам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу, не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге;

      6) инвалидам, получающим государственные социальные пособия, ко Дню инвалидов - второе воскресенье октября, в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      7) женам (мужьям) умерших участников Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге;

      8) родителям и женам умерших воинов-афганцев, не вступившим в повторный брак, ко Дню Победы - 9 Мая, в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге.

      11. Единовременная социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается:

      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, в размере не более 180 000 (ста восьмидесяти тысяч) тенге;

      2) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, в размере не более 120 000 (ста двадцати тысяч) тенге;

      3) другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, в размере не более 95 000 (девяноста пяти тысяч) тенге;

      4) получателям, пенсионных выплат с размером не превышаюшим минимальный размер пенсии, в размере не более 70 000 (семидесяти тысяч) тенге;

      5) инвалидам, в том числе лицам, воспитывающим ребенка - инвалида до 18 лет, в размере не более 70 000 (семидесяти тысяч) тенге;

      6) жертвам политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий, в размере не более 60 000 (шестидесяти тысяч) тенге;

      7) многодетным семьям, имеющим четырех и более несовершеннолетних детей в размере не более 140 000 (ста сорока тысяч) тенге;

      8) детям - сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, выпускникам детских домов, в размере не более 70 000 (семидесяти тысяч) тенге;

      9) малообеспеченным гражданам, в размере не более 140 000 (ста сорока тысяч) тенге;

      10) гражданам, имеющим социально значимые заболевания (лица с онкологическими заболеваниями, инфицированные вирусом иммунодефицита человека), в размере не более 95 000 (девяноста пяти тысяч) тенге;

      11) на погребение умерших родственников, супругов, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в уполномоченном органе, а также малообеспеченным семьям на погребение несовершеннолетних детей, в размере 35 000 (тридцати пяти тысяч) тенге;

      12) гражданам, пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара в размере не более 100 000 (ста тысяч) тенге;

      12. Для оплаты очной формы обучения по специальностям, востребованным на рынке города, из числа: детей - сирот; выпускников детских домов; инвалидов с детства; детей, оставшихся без попечения родителей; детей из многодетных семей, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, после среднего образования, высших учебных заведениях, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания ими учебных заведений (но не более чем до достижения двадцати трехлетнего возраста):

      в средних учебных заведениях города Актобе, в размере фактической стоимости обучения и перечисляются двумя частями в течение учебного года в размере не более 180 000 (ста восьмидесяти тысяч) тенге.

      Перечень специальностей, обучаемых за счет денежных выплат на обучение, определяется специальной комиссией.

      Социальная помощь студентам предоставляется за счет средств местного бюджета один раз в год для возмещения ежегодных платежей в пределах стоимости образовательных услуг, предоставляемых учебным заведением.

      Социальная помощь слушателям резидентуры, обучающимся по очной форме в разрезе востребованных клинических специальностей в высших учебных заведениях здравоохранения Республики Казахстан, предоставляется без учета доходов в размере фактической стоимости обучения при предъявлении договора возмездного оказания услуг по обучению по программам послевузовского образования, по представлению государственного учреждения "Управление здравоохранения по Актюбинской области" (далее - Управление здравоохранения).

      13. Социальная помощь гражданам, находящимся в трудной жизненной ситуации, предоставляется, если среднедушевой доход семьи (гражданина) за предшествовавший на момент обращения квартал не превышает однократного размера прожиточного минимума по Актюбинской области (за исключением участников и инвалидов Великой Отечественной войны, граждан, пострадавших вследствие стихийного бедствия или пожара, которым социальная помощь оказывается без учета дохода).

      Основаниями для отнесения граждан к категории, нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации, являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного маслихатом города Актобе в кратном отношении к прожиточному минимуму.

      14. Сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара:

      не позднее шести месяцев с момента наступления соответствующей трудной жизненной ситуации.

      15. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      16. Единовременная социальная помощь на период введенного чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан в размере 20 000 (двадцати тысяч) тенге оказывается:

      1) инвалидам I, II и III группы, получающим государственные социальные пособия, детям инвалидам до шестнадцати лет, родителям, воспитывающим ребенка инвалида согласно списков уполномоченной организации на каждого человека без учета дохода.

      Социальная помощь не оказывается указанным лицам, находящихся на полном государственном обеспечении;

      2) гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, инфицированным вирусом иммунодефицита человека и больным различной формой туберкулеза, проходящим амбулаторное лечение в настоящее время, согласно списков Управления здравоохранения без учета дохода;

      3) престарелым лицам, достигших пенсионного возраста, установленного Законом Республики Казахстан от 21 июня 2013 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", не способных самостоятельно себя обслуживать и нуждающихся по состоянию здоровья в оказании специальных социальных услуг в условиях стационара, не имеющих трудоспособных совершеннолетних детей, супруга(гу), обязанных в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" содержать своих нетрудоспособных нуждающихся в помощи родителей, супруга(гу) и заботиться о них, или имеющих трудоспособных совершеннолетних детей, супруга(ги), которые по объективным причинам не обеспечивают им постоянную помощь и уход (имеют инвалидность I, II группы, онкологические, психические заболевания, находятся в местах лишения свободы, состоят на учете в центре психического здоровья или выехали на постоянное местожительство за пределы страны, дополнительно для супруга(ги) – нахождение в преклонном возрасте), получающие специальные социальные услуги, согласно списка государственного коммунального учреждения "Центр социальной помощи" без учета дохода;

      4) малообеспеченным семьям, не получающим адресную социальную помощь, доходы которых на каждого члена семьи не превышают однократного размера прожиточного минимума по Актюбинской области, на основании списков, представленных акимами районов "Алматы" и "Астана" города Актобе, утвержденных специальной комиссией.

      Социальная помощь оказывается на одного человека только по одной категории и действует в период чрезвычайного положения.

      Социальная помощь оказывается без предъявления документов и в случае прекращения чрезвычайного положения оплата прекращается.

3. Порядок оказания социальной помощи

      17. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням, лицам, указанным в подпунктах 1) - 6) пункта 10 Правил оказывается, по спискам, утверждаемым акиматом города Актобе по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      В случае наличия права отдельных категории граждан на социальную помощь (в соответствии статуса) к различным памятным и праздничным дням оказывается один вид социальной помощи (более высокий по размеру).

      18. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) сведения о составе лица (семьи) согласно Приложению 1 к Типовым правилам;

      3) сведения о доходах лица (членов семьи);

      4) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      19. Ежемесячная социальная помощь лицам, указанным в пункте 9 Правил, получавшим ее до вступления в силу настоящих Правил, оказывается без истребования заявлений от получателей. Вновь обратившиеся заявители представляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий социальный статус заявителя;

      3) справка, подтверждающая обучение ребенка - инвалида на дому (для детей - инвалидов);

      4) заключение психолого-медико-педагогической консультации (для детей - инвалидов).

      20. При наличии в семье двух и более лиц, имеющих право на ежемесячную социальную помощь за коммунальные услуги, выплата социальной помощи предоставляется одному из членов семьи по их выбору.

      21. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням, лицам, указанным в подпунктах 7) - 8) пункта 10 Правил, получавшим ее до вступления в силу настоящих Правил, оказывается по спискам, утверждаемым акиматом города Актобе по представлению Отдела занятости без истребования заявлений от получателей. Вновь обратившиеся заявители представляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий социальный статус заявителя.

      22. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      23. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      24. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно Приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в Уполномоченный орган.

      25. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      26. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      27. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      28. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      29. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 25 и 26 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя.

      30. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      31. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи.

      32. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      33. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Актобе;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      34. В случае выявления представления недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение социальной помощи, выплата социальной помощи лицу (семье) прекращается на период ее назначения.

      35. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.

5. Заключительное положение

      36. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системой "Е-собес" или автоматизированной информационной системой "Социальная помощь".