Әйтеке би аудандық маслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 416 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 7200 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 37 "Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5005 тіркелген, 2016 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) Әйтеке би аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 288 Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 37 "Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6156 тіркелген, 2019 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      Б. Сейлханов
      Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы
      Е. Тансыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады