Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 363 "2020-2022 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 465 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 7467 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 363 "2020-2022 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6724 тіркелген, 2020 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;

      3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 31 183 теңге;

      2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңге;

      2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.".

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      А. Дошаев
      Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы
      Е. Тансыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады