Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 40 "Қарақұдық ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 наурызда № 6856 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 40 "Қарақұдық ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6239 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 14 маусымда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 1 тамыздағы №3 және 20 желтоқсандағы № 4 қорытындылары негізінде аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданы Қарақұдық ауылдық
округінің әкімі
А. Изтилеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады