Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 7404 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық Кодексі)" Кодексінің 529 бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-202 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысы;

      2) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 44 "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6011 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысы.

      3. "Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауданының әкімі А. Шахин

  Ырғыз ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 175 қаулысына қосымша

Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 23.10.2023 № 180 қаулысымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Ырғыз ауылдық округі

Ырғыз ауылы

2,35

2

Ақши ауылы

1,75

3

Қалыбай ауылы

2,15

4

Аманкөл ауылдық округі

Құтикөл ауылы

1,85

5

Аманкөл ауылы

1,75

6

Жарма ауылы

1,55

7

Қызылжар ауылдық округі

Құрылыс ауылы

1,75

8

Жаныс би ауылы

1,75

9

Шеңбертал ауылы

1,75

10

Құмтоғай ауылдық округі

Құмтоғай ауылы

1,65

11

Қарасай ауылы

1,6

12

Қарақұдық ауылы

1,65

13

Нұра ауылдық округі

Нұра ауылы

2,25

14

Белшер ауылы

2,15

15

Дүкен ауылы

2,1

16

Мамыр ауылы

2,15

17

Тәуіп ауылдық округі

Құйылыс ауылы

2,15

18

Жайсаңбай ауылдық округі

Жайсаңбай ауылы

2,15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады