ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қобда ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 274 "Қобда ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6497 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауданының әкімі | Б. Кулов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
|
___________ Б. Жекеев | |
2020 жылғы "__" __________ |
Қобда ауданының әкімі 2020 жылғы 9 қарашасы № 312 қаулысына қосымша |
Қобда ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қосымша жаңа редакцияда көзделген - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 17.10.2024 № 241 қаулысымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Салық салу объектісінің орналасқан жері | аймақ коэффициенті |
Қобда ауданы | ||
Қобда ауылдық округі | ||
1 | Қобда ауылы | 2,6 |
2 | Құрсай ауылы | 2,1 |
Ақрап ауылдық округі | ||
3 | Ақрап ауылы | 2,25 |
И. Білтабанов атындағы ауылдық округ | ||
4 | И.Білтабанов атындағы ауыл | 2,35 |
5 | Қосөткел ауылы | 2,1 |
6 | Байтақ ауылы | 1,75 |
Бестау ауылдық округі | ||
7 | Бестау ауылы | 2,35 |
Бұлақ ауылдық округі | ||
8 | Әлия ауылы | 2,55 |
9 | Бұлақ ауылы | 2,1 |
Бегалы ауылдық округі | ||
10 | Бесқұдық ауылы | 2,35 |
И. Құрманов атындағы ауылдық округ | ||
11 | Бегалы ауылы | 2,35 |
12 | Егіндібұлақ ауылы | 2,35 |
Жиренқопа ауылдық округі | ||
13 | Жиренқопа ауылы | 2,25 |
Жарық ауылдық округі | ||
14 | Жарық ауылы | 2,2 |
15 | Ортақ ауылы | 1,75 |
16 | Қанай ауылы | 1,75 |
17 | Жаманкөл ауылы | 1,75 |
Жарсай ауылдық округі | ||
18 | Жарсай ауылы | 2,2 |
19 | Қарағанды ауылы | 1,85 |
20 | Ақсай ауылы | 2,1 |
Қызылжар ауылдық округі | ||
21 | Қызылжар ауылы | 2,15 |
22 | Қаракемер ауылы | 2,1 |
Сарбұлақ ауылдық округі | ||
23 | Сарбұлақ ауылы | 2,25 |
Өтек ауылдық округі | ||
24 | Өтек ауылы | 2,25 |
25 | Жарсай ауылы | 1,75 |
Сөгәлі ауылдық округі | ||
26 | Көк үй ауылы | 1,95 |
27 | Қоғалы ауылы | 2,0 |
28 | Сөгәлі ауылы | 1,85 |
Терісаққан ауылдық округі | ||
29 | Терісаққан ауылы | 2,25 |
30 | Жаңаталап ауылы | 2,2 |
Талдысай ауылдық округі | ||
31 | Талдысай ауылы | 2,35 |