Ембі қаласы әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 177 "Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында көше атауларын қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы әкімінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 108 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қазанда № 7521 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Ембі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Ембі қаласы әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 177 "Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында көше атауларын қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-9-67 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 қазанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қазақ тіліндегі шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Ембі қаласы тұрғындарының конференциясының және 2008 жылғы 12 маусымдағы аудандық ономастика комиссия отырысының № 3 хаттамасының шешіміне сәйкес, Мұғалжар ауданы Ембі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Ембі қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ембі қаласының әкімі
      Ә. Қорғанбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады