Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 43 "Шұбарқұдық кентінің атаусыз көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 221 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қарашада № 7741 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылдың 19 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 43 "Шұбарқұдық кентінің атаусыз көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6874 тіркелген, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      шешімінің орыс тіліндегі мәтінінде 4 тармақта:

      "Настоящее постановление" деген сөздер "Настоящее решение" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шұбарқұдық
ауылдық округінің әкімі
Қ. Нұралы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады