Алакөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 01 маусымдағы "Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 18 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 189 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 19 тамызда № 5616 болып тіркелді. Күші жойылы - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылы - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің 14.07.2021 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33, 37-баптарына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 18 "Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 тіркелген, 2020 жылдың 05 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.".

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 26-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "26. № 69 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Достық ауылы, Т. Рысқұлов көшесі № 11, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Достық ауылы, Абай, Абылайхан, Ж. Жабаев, Р. Қошқарбаев, Қабанбай, Т. Рысқұлов, Әлібаев, Теміржолшылар көшелері, Көктұма, Жалаңашкөл станциясының аумағы.".

      көрсетілген шешімнің қосымшасы 54-тармақпен толықтырылсын:

      "54. № 1049 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Достық ауылы, Жансүгіров көшесі № 5, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Достык кентінің № 11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Достық ауылы, Б. Момышұлы, Бейбітшілік, Бәкіров, әскери қалашық, Д. Қонаев, Достық, Ә. Молдағұлова, І. Жансүгіров, Қасабай, Д. Рақышев, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Мақатаев көшелерінің аумағы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. О. Қанағатовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Жаканбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Манкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады