Бақанас ауылдық округінің жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 24 ақпанда № 5427 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 08 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылындағы жаңа көшелеріне "Нұртай Өксікбаев", "Мейментай Көжеков", "Сүндетбай болыс", "Ерназ Қожахметов", "Балпық би" атаулары берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бақанас ауылдық округінің әкімі Д. Төлеубек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады