Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 2-13 "Іле ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 58-243 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 2 шілдеде № 5555 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 2-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3811 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Депутаттық этика, өкілеттілік, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және жұртшылықпен байланыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы Е. Турумбетов
      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады